• Басты
  • Қазақстан қалдықтарды өңдеу саласында Франция тәжірибесін қолданады
30 Қазан, 2019 11:50

Қазақстан қалдықтарды өңдеу саласында Франция тәжірибесін қолданады

Қазақстан 2030 жылға қарай қалдықтарды өңдеу бойынша Франциямен теңеседі. Бұл туралы "Қазақстанның қалдықтарды қайта өңдеу стратегиясы" тақырыбында Франция Қазақстан Сауда-өнеркәсіп палатасының форумында мәлім болды,деп хабарлады Strategy2050.kz.
 Қазақстан қалдықтарды өңдеу саласында Франция тәжірибесін қолданады

Қазақстандағы экономикалық өсу және жалғасып келе жатқан убранизация тұрмыстық қатты қалдықтардың жыл сайынғы өсуінің себептері болып табылады. Бүгінгі таңда бұл елдегі ең өткір экологиялық проблемалардың бірі болып отыр. Дегенмен, Қазақстан жасыл экономикаға өту тұжырымдамасына сәйкес,қалдықтарды қайта өңдеу бойынша 2030 жылға қарай 40 пайызға,ал 2050 жылға қарай 50 пайызға дейін жетуі керек. 

Франция Қазақстан СКП президенті Жерар Фриес айтып өткендей,қалдықтарды басқару әлемдік проблема болып табылады. 

"Әлемдік проблема болған соң Қазақстан да назардан тыс қалмақ емес. Мен өзім қалдықтарды реттеу компаниясының директоры қызметін атқардым. Бұл салада айтарым бар»,-деді Ж.Фриес.Сонымен қатар, ол айтып өткендей, қалдықтардан жасалған материалдардың 50 пайызы екінші мәрте өңдеу қолдануына бағытталуы керек. 

Францияның Қазақстандағы елшісі Филипп Мартине қалдықтарды қайта өңдеу саласында Францияның тәжірибесімен бөлісуге болатынын айтып өтті.

«Біз мемлекет ретінде тәжірибемен бөлісе аламыз. Заңнамалар мен бұл салада қандай инновациялар бар сол жайында айтуға болады.Заңнамаға келетін болсақ,Франция бұрыннан бері бұл бағытта жұмыс істейді. Қалдықтарды өңдеу біздің заң бойынша иерархияға сәйкес жұмыс істейді. Біздің жасыл өсімге көшу бойынша энергетикалық заңына сәйкес,2025 жылға таман қоймалардың санын екі есеге қысқарту міндетін қойдық»,-деді елші. 

Сонымен қатар,ол қайта өңдеу саласындағы экокод бойынша Қазақстан Францияның тәжірибесін қолдана алатынын айтты.

"Тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу бойынша Франция аймағында жұмыс істейтін кәсіпорындар Қазақстанда жұмыс істейді. Қалдықтар туралы айтқанда болашақтың экономикасын құру туралы ойлау керек. Себебі,өнімдерді қайта қолдану жаңашылдықты қажет етеді. Франция тұрғындары бизнес пен стартап жобаларды жүзеге асыруды қалайды. Франция азаматтарының 16 пайызы өз кәсібін ашқысы келеді. Бұл Еуропа мен АҚШ елдеріне қарағанда біршама жоғары көрсеткіш. Болашақта Қазақстан әкімдігінің өкілдері Францияға келіп,біздің кәсіпорындардың тәжірибесін алады деген үміттемін».-деді ол.

Экология,геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов Қазақстан Францияның қалдықтарды қайта өңдеу саласындағы тәжірибесін қолданатынын айтты.

«Қоғамды алаңдататын сұрақтарды талқылау барысы көрсеткендей, қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі, ауаның ластануынан кейін тұрған проблемалардың бірі. Бізге қоршаған орта саласында қайта құрылған құзырлы орган ретінде бірлесіп, қалдықтарды қайта өңдеуде шешімнің дұрыс жолын табу өте маңызды. Францияның кәсіпорындары арқылы француз тәжірибесін зерттедік. Қоқысты өрттеу зауыттарына бардық, биогаз өндіретін полигондарда, қоқыс реттейтін компанияларда болдық. Францияның осы саладағы тәжірибесі өте үлкен. Біз сіздерден бұл тәжірибені игерсек дейміз», - деді А.Пірімқұлов.

Сондай-ақ, вице-министр министрліктің осы орайдағы жұмысымен бөлісті.

«Бүгінгі таңда Экологиялық кодекстің жаңа редакциясын аяқтауға жақындадық. Жаңа редакция аясында қоқыстарды өңдеуге өз септігін тигізетін бірқатар шараларды енгіздік. Қалдықтарды өңдеудің еуропалық классификаторына көшіп жатырмыз. Ол бізге қауіпті және қауіпсіз қалдықтардың арасында шекара қоюға мүмкіндік береді. Бұл ОЭДҰ елдерінің талаптары мен ұсыныстарына сәйкес келеді. Біз жаңа редакция аясында қоқысты тасымалдайтын компанияларға арналған тәртіпті орнатуды қарастырып жатырмыз. Құзырлы орган тарапынан аталған шаралар қалдықтарды қайта өңдеу нарығын реттеуге мүмкіндік береді», - деді вице-министр.

Сонымен қатар, ол жаңа редакция аясында ынталандыру факторлары да ескерілетінін айтты. Бұл саланың қарқынды дамуына мүмкіндік береді.

«Бүгінде министрлік қатты тұрмыстық қалдықтарды жағу мәселесін қарап жатыр. Оның мақсаты - электр энергиясын өндіру. Францияның бұл тәжірибесі бізге өте қызықты. Сонымен қатар, аталған мәселеге қатыса алатын инвесторларды тарту да маңызды болып отыр», - деді ол.

Айта кетейік, Франция-Қазақстан Сауда –өнеркәсіп палатасы Франция мен Қазақстан арасындағы іскерлік байланыстарды кеңейту және нығайту мақсатында француз кәсіпорындар және олардың өкілдерін, сондай-ақ, Қазақстандағы және ірі халықаралық компаниялардың басын біріктіреді. Палата құрамына 40-тан астам француз, қазақстандық және халықаралық компаниялар енеді.

   Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды