• Басты
  • «Қазақфильмнің» фильмдері Испанияда өткен фестивальде жүлделерге ие болды
25 Қараша, 2019 12:27

«Қазақфильмнің» фильмдері Испанияда өткен фестивальде жүлделерге ие болды

Алматыдағы Bekmambetov Cinema кинотеатрында өткен «Қыз бен теңіз»  әлеуметтік фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының  тұсаукесерінде «Қазақфильм» киностудиясының президенті, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Арман Әсенов  Испанияның Барселона қаласында өткен Asian Film Festival кинофестивалінде отандық туынды «Үздік фильм»  жүлдесімен марапатталғанын мәлімдеді. 



«Қазақфильмнің» фильмдері Испанияда өткен фестивальде жүлделерге ие болды

Сондай-ақ осы фестивальге қатысқан «Әруақ» картинасы (режиссері Хуат Ахметов) да «Ерекше» бағдарламасында «Үздік сценарий» жүлдесіне қол жеткізді. Бұл туындыларды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ түсірген. 

«Қыз бен теңіз» фильмінде БЦП-мен ауыратын Әсел есімді бойжеткеннің өмірі баяндалады. Оның бар арманы – махаббатын кездестіріп, отбасын құру. «Арман алға жетелейді» демекші, Әсел барлық қиындықтарға төтеп беріп, жақсылықтан үміт үзбейді. 

Бұл кинотуынды биыл Лондонда  өткен Romford film festival фестивалінде «Үздік әйел адамның рөлі» (Динара Шарипова) жүлдесімен, Башқортостада өткен IV «Қүміс Акбозат» фестивалінде «Әлеуметтік және мотивациялық кино» номинациясы бойынша қоғам қайраткері Каринэ Хабированың арнайы жүлдесімен және Башқортостан Республикасы отбасы және еңбек министрлігі атынан «Армандардың орындалуы» арнайы сыйлығымен (актер Тахир Умаровқа табысталды)  марапатталған болатын. 

«Әруақ» фильмі екі кейіпкердің – Ағатай қарт пен жетім баланың кездейсоқ ұшырасуы туралы баяндайды. Қазақ киносының мэтрі, КСРО халық артисі Асанәлі Әшімов осы фильмде сомдаған рөлі үшін биыл Анапа қаласында өткен «Киношок» кинофестивалінде үздік ер адам рөлі жүлдесімен марапатталды.

Айта кетсек, Asian Film Festival фестиваліне «Қазафильм» киностудиясы түсірген «Шыңырау» (реж. Жаңабек Жетіруов), «Саташ» (реж. Төлеген Байтөкенов) және «На грани» (реж. Алдияр Байракимов) қатысты. 

Биыл жетінші рет ұйымдастырылып отырған испаниялық фестивальде Азиядағы 25 елдің 100-ге жуық фильмдері көрсетілді. 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды