- Басты
- Қауіпті тауарлардың реестрі енгізіледі – А.Шаққалиев
Қауіпті тауарлардың реестрі енгізіледі – А.Шаққалиев
4 Ақпан, 2020 18:28
ҚР Сауда және интеграция министрлігі Метрология және техникалық реттеу комитетінің төрағасы Арман Шаққалиев Техникалық реттеу туралы заң жобасына енетін өзгертулер туралып айтып берді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында нарықтың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер қойды. Бұл біз тұтынушылар ретінде барлығымыз қауіпсіз тауарларды тұтынуымыз қажет. Техникалық реттеу бойынша заң 10 жыл бұрын қабылданды. Бүгінде ең қарапайым дүниеден бастасақ, жауапкершілік әзірлеушінің мойнында болуы керек. Екінші негізгі талаптардың бірі - талаптарды барынша ұстану. Себебі, стандарт қауіпсіздік деңгейін анықтайды. Оған бейімделу қажет. Оның үстіне еркін нарық тауар өндірушілері мен импортшыларға тауарды қалай өндіру қажеттігін көрсетпейді. Ол тек өнімнің қандай талаптарға сай болу қажеттігін көрсетеді. Демек, мемлекет осындай үрдістерді реттеу арқылы қауіпсіздік бойынша кейбір шекараларды түзейді. Алайда, бұл заңнама өндірушілерді тұтынушылық және техникалық жағынан шектемейді», - деді А.Шаққалиев.
Сондай-ақ, ол тауардың қауіпсіздігі басты назарда болу қажеттігін айтты.
«Президент өндірушілердің табыстың артынан кетеміз деп, қауіпсіздік жайына қалғанын айтты. Кәсіпкерлер мен өндірушілер қауіпсіздікке емес, нарыққа тауарды тез шығарып, сату жолдарын ойлаған. Бұл импорттық тауарға қатысты болып отыр. Министр де бұл туралы айтты. Тұтынушылардан 6 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Оның ішінде 80 пайызы импорттық тауарға қатысты болып отыр. Сондықтан да, жыл соңына дейін өзгеретін заң жобасы тауардың сапасы мен қауіпсіздігін тексеретін болады», - деді ол.
А.Шаққалиев 2021 жылы қауіпті тауарлардың реестрі құрылатынын айтты.
«Бүгінде өнімнің 60 пайызы сенімсіздік тудыратын құжатпен сүйемелденеді. Заң жобасында мемлекеттік бақылаудың тауарларды сөреге шыққаннан кейін емес, шықпай тұрып тексеретіні қарастырылған. Ұлттық заңнамаға сәйкес, қауіпті өнімдердің реестрі енгізілуі тиіс. Қазір ондай реестр әзірге жоқ. Жеке мәліметтер бойынша ғана бар. Интеграцияланған жүйе жоқ. Заң бақылаудың қорытындысы бойынша осындай реестрді әзірлеуі керек.Заң жобасы жылдың соңына дейін қабылданып, Мемлекет басшысы оған қол қоятын болса. 2021 жылы қауіпті тауарларың интеграцияланған жүйесі пайда болады», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Генерал-лейтенант: Биылғы міндет – бірде-бір сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу
-
Латын графикасы прогреске, озық технологияға, өркениетке жол ашады – Зейнеп Базарбаева
-
Ауыл әкімдерін сайлауда аудан әкімінің емес, жергілікті халықтың ықпалы басым болу керек – Айбек Қалиев
-
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының іс жүзінде жүзеге асуына куә болудамыз – саясаттанушы
-
Елдегі эпидемиологиялық ахуал нашарлады – Бас санитар дәрігер
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
ЕО комиссиясының төрағасы: Дауыс берушілердің көптігі – қалыпты өмірге оралуымыздың белгісі
-
Пандемия жағдайында сайлау мінсіз ұйымдастырылған – Франциялық бақылаушылар
-
Қазақстан демократиялық дамудың жоғары деңгейін көрсетті – итальяндық бақылаушылар
-
Саясаттанушы: Сайлау – Қазақстанның идеологиялық, демократиялық дамуының белгісі
-
Медициналық бұйымдарды стерильдеуге арналған радиациялық технология қауіпті ме?
-
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі
-
Адам құқықтары – жаһандық және ұлттық басымдық
-
«Ерікті болу – ерлік»: Бүгіннің батыр қыздары

