• Басты
  • Ауғанстан парламенті барлық халықаралық міндеттемелер мен келісімдерге адал - Ауғанстан өкілі
24 Қыркүйек, 2019 12:31

Ауғанстан парламенті барлық халықаралық міндеттемелер мен келісімдерге адал - Ауғанстан өкілі


Еуразия елдері парламенттері 4-кеңесінің бірінші пленарлық отырысында Ауғанстан Ұлттық Ассамблеясы төменгі палатасының спикері Мир Рахман Рахмани Ауғанстан парламенті барлық халықаралық міндеттемелер мен келісімдерге адал болуға дайын екенін айтты,деп хабарлады Strategy2050.kz.
    Ауғанстан парламенті барлық халықаралық міндеттемелер мен келісімдерге адал - Ауғанстан өкілі

Ауғанстан Ұлттық Ассамблеясы төменгі палатасының спикері Мир Рахман Рахмани осы конференциядағы нәтижелер тиімді әрі парламентаралық қарым-қатынас үшін пәрменді болатынына сенім білдірді.

«Азия, Еуропа континентінде әріптес бола отырып, аса мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев мырзаның 2010 жылы Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік жөніндегі конференциядағы қол жеткізген ең маңызды жетістіктерінің бірі болып табылады. Осы конференцияда барлық қатысушы елдер Еуразия бірлескен қоғамын құруды қолдады. Саяси даму жөніндегі бірқатар ғалымдар Еуразия қазіргі әлемнің тірегі және де әлемдік ресурстардың 75 пайызын,ЖІӨ 40 пайызын қамтитын ең ірі континент болып табылатынын айтады», - деді ол.

Сонымен қатар, Мир Рахман Рахмани орнықты даму саласындағы мақсаттар жаһандық индикаторлар ретінде барлық салалар бойынша қарым-қатынасты дамытуға аса үлкен үлес қосатынын айтты.

«Экономикалық көрсеткіштер осы салада көптеген жетістікке қол жеткізуге мүмкіндік берілді. Себебі, сауда- экономикалық тәуелділіктің қазіргі деңгейі анағұрлым белсенді және елдердің қатысуын талап етеді. Сондай-ақ, азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығын дамыту, экономикалық дамуға тікелей байланысты. Қазақстан –Азия мен Еуропа арасындағы экономикалық моделі үшін полигон ретінде өңірлік дауларды шешуде маңызды рөл атқара алады. Еуропа мен арада Жібек жолының экономикалық белдеуі ретінде иенвестиция кеңейтуді ынталандырып, Азия мен Еуропа арасындағы сенімді нығайта алады. Ауғанстан парламенті барлық халықаралық міндеттемелер мен келісімдерге адал болуға дайын», - деді ол.

Айта кетейік, Осы кеңесте Еуропа мен Азия парламентшілері еуразиялық кеңістіктің қауіпсіз және тұрақты дамуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, XXI ғасырдың ірі интеграциялық экономикалық жобаларын жүзеге асырудың жолдары талқылады.

Аягөз Құрмаш 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды