- Басты
- Жаңалықтар
- «Астана» халықаралық қаржылық орталығы Алматы облысына инвестиция тартады
«Астана» халықаралық қаржылық орталығы Алматы облысына инвестиция тартады
Алматы облысының әкімі Амандық Баталов «Астана» Халықаралық қаржы орталығының өкілдерін қабылдады. Кездесу барысында аталған қаржы орталығының Алматы облысына инвестиция тартуға қолдау білдіретіндігі жөнінде айтылды, деп хабарлайды Strategy2050.kz.

Өңір әкімі баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, алдымен облыс басшысы орталық қызметкерлеріне Жетісу өңірінің инвестициялық әлеуеті мен даму мүмкіндіктеріне шолу жасап, кеңірек айтып берді. Әңгіме барысында облыстағы индустриалды аймақтардағы инфрақұрылымның дамытылуы, трансұлттық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылып жатқан іргелі жобалар, туризмді өркендетудің мүмкіндіктері баяндалды.
«Шекаралық аумақта «Қорғас – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағы қарқынды дамып келеді. Онда өндірістік тауарлар, азық-түлік өнімдері, құрылыс индустриясы және басқа да бағыттар бойынша ірі жобаларға қатысты келісімдер жасалды. Біздің өңір инвестиция тартуға өте қолайлы, мұнда билік пен бизнестің өзара ынтамақтастық диалогы, әріптестік байланысы жүйелі жолға қойылған. Сондықтан қаржы орталығымен де бірлесіп жұмыс істеуге ниеттіміз, - деді А. Баталов.
Өз кезегінде «Астана» ХҚО өкілі Болатбек Қуандықов Елбасының қолдауымен құрылған орталықтың жұмыс жасап жатқанына 1 жылдан асқанын атап өтті. Орталықтың 1 жылдық жұмысын қорытындылау сәтіне Президент Қасым-Жомарт Тоқаев арнайы қатысып, алдағы жұмыстарына жаңа міндеттер жүктеген.
«Мемлекет басшысы бір жыл ішінде өзін қаржылық институт ретінде қалыптастырған орталыққа ендігі жерде өңірлермен тығыз жұмыс істеуді, аймақтарға инвестиция тартуға қолдау көрсетуді тапсырды. Біз бұл бағытта ең бірінші Алматы облысына келіп отырмыз. Сондай-ақ, біз Алматы облысында ілгерілету мүмкіндігі мол жасыл энергетикаға да инвестиция тартуға қол ұшын беруге әзірміз», - деді өз сөзінде Б. Қуандықов.
Айта кетейік, «Астана» ХҚО дүние жүзі бойынша қаржы орталықтарының ішінде өткен жылы 88-орынды иеленсе, 2019 жылы 51-орынға көтерілген. Орталықтың негізгі қызметі - қаржы қызметтеріне қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестициялар тарту, жергілікті капитал нарықтарын өркендету, Қазақстандағы исламдық қаржыландыруға арналған сақтандыру нарықтары мен банк қызметтерін дамыту.
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды
-
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі
-
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді
-
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді
-
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды
-
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі
-
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары
-
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде
-
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда

