• Басты
  • Қала мен қоғамның тіршілігі жалғаса береді – Б.Макен
11 Мамыр, 2020 17:59

Қала мен қоғамның тіршілігі жалғаса береді – Б.Макен

 Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Макен ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында елордада карантин талаптары қалай сақталатынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
 Қала мен қоғамның тіршілігі жалғаса береді – Б.Макен
«Қалада коронавирус індетінің 1074 жағдайы тіркелді. 1134 науқас стационарда, 404 адам емделіп шықты, үйдегі карандинте 3539 адам бар. Өкінішке қарай, 3 адам көз жұмды. 40 мың лабораторлық тестілеу жүргізілді, 24 адам экспресс-тестілеуден өтті. Күн сайын 3 мыңға жуық тест жасалады», - деді Б.Макен.

Ол атап өткендей, жалпы, карантинге 98 нысан жабылды, қазір 67 нысан карантиннен шыққан.

« Тағы 30 нысан карантинде. Бүгіннен бастап республиканың Бас санитарының мәлімдемесінен кейін, барлық нысандар карантиннен біртіндеп босатылады. Алайда, нысандарды күнделікті мониторингтеу жүргізіледі. 22 наурыздан бастап 11 мамырға дейін халықаралық рейстерді қабылдау жұмысы жүргізілді. 28 рейстен 2500 –ге жуық жолаушы карантинге жатқызылды. Олардың барлығы карантинге жатқызылғаннан кейін 10 адамнан коронавирус анықталды. Қалалық 2 емхана тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 30 сәуірден бастап Орталық жол ауруханасынан 150 орын коронавирус инфекциясын уақытында анықтау үшін бөлінді», - деді Б.Макен.

Б.Макеннің айтуынша, вируспен күресіп, стационарларда жұмыс істеп жүрген 650 медицина қызметкеріне «Hilton», «Думан», «Дипломат» қонақ үйлерінен орын бөлінді.

«Оларға қатынас көлігі мен тамақтану ұсынылып отыр. Бұл жұмыстар карантин шаралары аяқталғанша дейін жүзеге асырылады. Олардың орын ауыстыруына 20-дан астам қалалық қоғамдық көлік бөлінді. Мемлекет басшсының тапсырмасымен 807 млн теңгені 2 мыңға жуық медицина қызметкері қосымша ақы ретінде алды. Қалада дезинфекциялық жұмыстарды 500-ге жуық адам жүргізіп жатыр. ТЖ енгізілгелі қоршаған ортаны қорғау басқармасы 13 млн шаршы метр жерді өңдеді. Елде ТЖ алынды. Алайда, елордада пандемияның таралу қаупі жоғары болғандықтан карантиндік шаралар сақталады. Спорттық бұқаралық және отбасылық мерекелерді өткізуге болмайды. Адам көп жиналатын орындар мен сауда орталықтарының жұмысы іске қосылмайды», - деді ол.

Әкімнің орынбасары қоғамдық көлік ертеңнен бастап шектеулі түрде қозғалысын бастайды.

«Себебі, іске қосылған мекемелер саны артты. Оны қосымша хабарлаймыз. Елордаға жақын ауылдардан жұмысы іске қосылған кәсіпкерліктерде жұмыс істейтін адамдар кіре алады. Елордаға жақын арадағы адамдардың тізімі жергілікті әкімдіктерге беріліп, ол мәліметтер қалалық әкімдікке жеткізілуі тиіс. Біз ол тізімді сергекке беріп, елордаға еркін кіріп-шығуды қамтамасыз етеміз. 20 сәуірден бастап үш кезең бойынша 250 мың адам жұмыс істеуге кірісті.Тұрғындар әлеуметтік ара қашықтықты сақтай отыра және санитарлық талаптарды сақтап, саябақтарда серуендей алады», - деді ол.

Б.Макен сауда орталықтарына қатысты емес, дүкендер, нотариус, косалтингтер іске қосылатынын жеткізді.

«Қызмет көрсету мекемелері де санитарлық талаптарды сақтай отыра іске кіріседі.Мектепке дейінгі мекемелер біз дайындаған арнайы тәртіп бойынша жұмыс істейді. Білім беру орталықтары, балалар кабинеті жазылу бойынша жұмысын жүзеге асырады. Жыл соңына дейін қашықтан оқу жалғаса береді. ТЖ кезінде 4900 қала тұрғыны карантин бұзған.Мемлекет өз деңгейінде барлық әлеумсеттік міндеттемелерді орындай береді. Мемлекет басшысы да әлеуметтік жағдайға назар аударды. Карантин аяқталуға жақын, кейін уақытша көрсетілетін әлеуметтік көмек кезеңдеп тоқтайды. Баршамыз бірігіп, еңбектің ортасынан табылайық», - денді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды