• Басты
  • Қаңтардан бастап 36 мыңнан астам мәдениет қызметкерінің жалақысы артты – А.Райымқұлова
30 Қаңтар, 2020 16:00

Қаңтардан бастап 36 мыңнан астам мәдениет қызметкерінің жалақысы артты – А.Райымқұлова

Өнер қайраткері мен спорт майталмандары қатысқан Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында өткен жылдың қорытындылары мен келер жылдың жоспарлары баяндалды, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.


 Қаңтардан бастап 36 мыңнан астам мәдениет қызметкерінің жалақысы артты – А.Райымқұлова

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова министрліктің 2019 жылдың қорытындысы туралы баяндап берді.

«Мәдениет министрлігі өз жұмысында Елбасының «Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалары мен Президент Қ.ТОқаевтың Жолдауындағы тапсырмаларын басшылыққа алды. Осы жылы біз Абай Құнанбаевтың мерейтойын атап өтеміз. Сондай-ақ, әлемнің екінші ұстазы әл-Фарабидің 1150 мерейтойы аталады», - деді ол.

Министр аталған мерейтойларды мерекелеу барысында ысырапшылдыққа жол берілмейтініне аса назар аударылатынын атап айтты.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев та «ең бастысы той тойлау емес, ой толғау» екеніне мән беріп отырғанын білесіздер. Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мәдениет және өнер ұйымдарының жалақысы республикалық деңгейде 50 пайызға дейін, өңірлерде 35 пайызға дейін өсті. Жалпы, шамамен, 36 мың 400 адамның, оның ішінде республикалық деңгейде 3 мыңға жуық, өңірлерде 31 мыңнан астам адамның жалақысы өсті», - деді А.Райымқұлова.

актоты.jpeg

Сондай-ақ, министр 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап дене шынықтыру және спорт саласы қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 2023 жылға дейіін 25 пайызға, 2023 жылы да 100 пайызға ұлғаятынын айтты.

«Жаттықтырушы оқытушылардың, мұғалімдердің мектеп, интернат, спорт колледж тәрбиеленушілерінің, жасөспірімдер мектептері жаттықтырушыларының жалақысы өседі. Бұдан басқа, спортшылардың допингке қатысты зертханалардың, Ұлттық допингке қарсы қызметкерлеріне, дене шынықтыру, спорт және республикалық орталығының қызметкерлеріне, спортты дамыту дирекциясының қызметкерлері мен жаттықтырушыларына жалақысының 100 пайыз мөлшерінде қосымша ақылар бекітілді. Осылайша, олардың жалақылары екі есеге артты», - деді министр.

Министр мемлекеттік қолдаудың тағы бір бағыты балет әртістеріне  мәдениет ұйымында 20 жыл кәсіби еңбек өтілі болған жағдайда соңғы 3 жылдағы жалақысынан 60 пайызға дейін ай сайынғы төлемдері өтелетінін айтты.

«Ұлттық киноны қолдау орталығы құрылды. Ол киноөндіріске айналған қаражатты бөлетін ұйым ғана емес, бұқаралық нарықты қоса алғанда, киноның кең бұқаралық прокатқа шығу мәселесімен айналысады. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, технологиялық жаңартулар мен жаңа павильондар салуға бағытталған «Қазақфильм» студиясының  даму стратегиясы әзірленіп отыр», - деді ол.

Министр 2020 жылы бірнеше шетелдкі елмен келісім шарт жасалғанын жеткізді.

«Кино түсіру бойынша шетелдік ұйымдармен келісім орнатылды. «Дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша кейбір заңнаамалық актілерге толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы» заң қабылданды. Өзгерістер  спортшылар мен жаттықтырушыларға және басшыларға қатысты шеттету, ақшалай көтермелеуді қайтару, Олимпиада және өзге де шаралардың жеңімпаздарына берілген тұрғын үйді қатару, өмір бойы қамсыздандыруды төлеудә тоқтату, ай сайынғы қаражат беруді тоқтату, спорттық атақтан , разрядтан айыру, бюджеттен тыс қаражатты бөлу жөнінде бірыңғай операторды анықтау жөнінде бірқатар шараларды көздейді», - деді ол. 
 

А.Райымқұлова атқарылған ауқымды жұмыстар мен қатар, шешілмей келе жатқан бір қатар мәселелер бар екенін атап өтті.  

«Бұл мәселелер Министрлік жанынан құрылған республика көлеміндегі мәдениеттің әр бағытын қамтитын жекелеген салалық көркемдік кеңестердің отырыстарында анықталған болатын. Салалық кеңестерге еліміздің өңірлерінен келген зиялы қауым өкілдері, өнер жанашырлары, мәдениет басқармалары, филармония, халық шығармашылық орталықтарының және басқа да мәдениет ұйымдарының басшылары қатысты», - деді министр.

 Бұл ретте, Министрлік әкімдіктермен меморандумдарға қол қойып және бірлесе отырып өңірлердегі мәселелерді шешу бойынша тиісті жұмыспен шұғылдануды қарқындатты.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Абай – мемлекет ісінің мүдделесі» деп атап өткендей, ұлы ойшыл бірлігі жарасқан ел болу идеясының жақтаушысы бола білді. Осыған орай, бүгінде біз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, «Ұлы дала 7 қыры» мақаласы арқылы тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттау, халықаралық деңгейде ілгерілету, оларды киелі туризмнің орталықтарына айналдыру бойынша ғаламдық мақсаттарды алға қойып, Қазақстанның мәдениет және өнер саласында жеткен жетістіктерін әлемге паш етуді көздеп отырмыз», - деді А.Райымқұлова.

А.Райымқұлова айтып өткендей, министрлік жұмысын әрі қарай жалғастыратын болады.

   «Елбасы, Мемлекет басшысы Министрлік алдына қойған нақты міндеттері алдымызда әлі көп, біз осыдан туындайтын тапсырмаларды орындау барысында Хәкім Абай атамыз айтқандай «Қан сонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығына» демекші, белсенді жұмысымызды одан әрі жалғастыра беретін боламыз», - деді ол.

Аягөз Құрмаш 

Барлық жаңалықтар
3.237.66.86, 192.168.88.100