• Басты
  • А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді
20 Наурыз, 2020 12:42

А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді

ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия төрағасы – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді. 
       А. Мамин Нұр-Сұлтан қаласында карантин режимін қамтамасыз ету жұмыстарын тексерді

Нұр-Сұлтан қаласынан шыға берістегі «Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолы бойындағы №2 бақылау-өткізу бекетін аралау кезінде Үкімет басшысына елорданың карантинге жабылуы кезіндегі ішкі істер қызметкерлерінің, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және Қарулы Күштердің әскери қызметкерлерінің бекеттегі қызметі туралы баяндалды. 

 А. Мамин қажет болған жағдайда стационарлық карантинді қамтамасыз ету үшін қалалық инфрақұрылым нысандарын қайта жарақтау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысымен танысты. 

Үкімет басшысы елорда әкімдігінің, полиция және денсаулық сақтау қызметкерлері мен Қарулы Күштердің әскери қызметкерлерінің карантин режимі жағдайында үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. 

Тексеру сапарына Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А. Көлгінов, денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов, ішкі істер министрі Е. Тұрғымбаев және қорғаныс министрі Н. Ермекбаев қатысты.

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды