• Басты
  • А.Аймағамбетов: Біздің басты мақсат – бір ауысымды мектептерге көшу
27 Мамыр, 2020 12:03

А.Аймағамбетов: Біздің басты мақсат – бір ауысымды мектептерге көшу

Біздің басты мақсат – бір ауысымды мектептерге көшу. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов онлайн өтіп жатқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
    А.Аймағамбетов: Біздің басты мақсат – бір ауысымды мектептерге көшу

«Ұлттық кеңес мүшелерімен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Біраз мүшелер біздің жұмысымызға бірге қатысып жүр, сарапшылық алаңдар мен қоғамдық кеңес шеңберінде бірге жұмыс істеп жүрміз. Бүгінгі күні балабақшалар бойынша, мектепке дейінгі балаларды кезекке қою және қабылдау 100 пайызға автоматтандырылды. Балабақшамен қамту 98 пайызға жетті. Бірақ, бұл көбінесе сандық көрсеткіштер. Қазіргі уақытта мазмұн мәселесін өзгертуге көшудеміз. Ендігі кезекте оқу стандарттарын өзгерту, тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және балалардың жас айырмашылығын өзгерту, методикалық жаңарту мәселелерін шешу жолдарын қарастыруды бастадық», - деді білім министр.

Сонымен қатар, А.Аймағамбетов үш қалада жан басына қаржыландыру бойынша пилоттық жобаны басталғанын атап өтті.

«Соның арқасында жеке меншік мектептердің үлесі артып келеді. Бір жылда олардың үлесі 75 пайызға артты. Үш ауысымды мектептер мәселесі де айтылды. Біздің мақсат – екі ауысымды мектептер емес, бір ауысымды мектептерге көшу. Олсыз білім беру сапасын жақсарту мүмкін емес. Алдағы оқу жылы жаңартылған бағдарламаға көшу толық аяқталады. Енді тек білім сапасын реттеумен айналысамыз. Ол бағдарламалар мен оқулықтардың сапасын жақсарту, бағалау жүйесін жетілдіру», - деді ол.

Министр тәрбие мәселесіне де тоқтап өтті.

«Тағы бір мәселе - тәрбие жұмысы. «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы дегендей, мектеп қабырғасында тәрбие жұмысын дұрыс ретке қоюды қолға алдық. Жыл басынан бастап жаңа тәрбие жұмысы парадигмасы іске асырылуда. Ең бастысы елін сүйер қазақстандықтарды тәрбиелеп, отбасы құндылықтарын бойына сіңірген азаматтарды қалыптастыру», - деді ол.

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды