• Басты
  • Ғ.Ағаділов: Мемлекеттік шекарада жолаушы саны азайғанымен, бірқатар заң бұзушылық тіркелді
26 Маусым, 2020 12:55

Ғ.Ағаділов: Мемлекеттік шекарада жолаушы саны азайғанымен, бірқатар заң бұзушылық тіркелді

Мемлекеттік шекарада жолаушы саны азайғанымен, бірқатар заң бұзушлық тіркелген. Бұл туралы елордада "Карантиндік шектеулер кезеңінде мемлекеттік шекараны кесіп өту мәселесі жөнінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР ҰҚК Шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары, полковник Ғани Ағаділов айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі. 

Ғ.Ағаділов: Мемлекеттік шекарада жолаушы саны азайғанымен, бірқатар заң бұзушылық тіркелді

Ғани Ағаділов қазіргі таңда әлемде орын алған пандемия жағдайына байланысты Қазақстанның және шетел азаматтары тарапынан, сонымен бірге бірталай мекемелер, ұйым атынан Мемлекеттік шекарадан өту бойынша әртүрлі сұрақтар келіп түскенін атап өтті. 
 

"Биыл 11 мамырдан бастап Қазақстанда төтенше жағдай режимі тоқтатылды, алайда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін карантиндік іс-шаралар жалғасып жатыр. Бұл іс-шаралар аясында коронавирустік індеттің таралып кетпеуі мақсатында алдын алу шаралары қарастырылған Ведомстовоаралық комиссиясының хаттамасымен мемлекеттік шекараны өту тәртібі бекітілді. Тәртіптің талаптарына сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін шекарадан өтуге уақытша шектеулер енгізілген", - деді полковник.

Департамент басшысы орынбасарының сөзінше, осы орайда Қазақстан Республикасының азаматтары ел аумағына кедергісіз қайтып келуіне, шетел азаматтарына ҚР-нан шығуына рұқсат берілген.

"Шектеулер дипломаттарға, ұшақ пен теңіз кемелерінің экипаждарына, поезд бригадаларына, жүк автокөлік пен трансшекаралық құрылыстарға қызмет көрсетуші персоналдарға және басқа тұлғаларға қолданылмайды. Шектеулерге қатысты толық тізбемен ҰҚК-нің "knbgovkz" сайтында "shekaraknbkz" аккаунттарында орналастырылған ақпараттармен танысуға болады", - деді Ғани Ағаділов.


Оның айтуынша, нарық жағдайы мен халықтың әлеуметтік жағдайын ескерсек, төтенше жағдайлар кезінде, яғни 16-наурыз және  11-мамыр аралығында, 11-мамырдан бастап қойылып отырған карантиндік кезеңде де мемлекетаралық жүк тасымалдауға ҚР шекарасын өтуге ешқандай шектеулер қойылмаған.

"Шекара қызметінің бөлімшелері жалпы карантин кезеңінде 100-ден аса тұрақты, чартерлік, әскери-көлік және жүк авициялық ұшақтармен және автобуспен елге оралған 14 000 аса ҚР азаматтарын бақылауды қамтамасыз етті. Шетел мемлекеттерінің елшіліктерінен келіп түскен ресми өтініштер бойынша ҚР арқылы 2700-ден аса Өзбекстан азаматтарының және 1000-нан аса Қырғызстан азаматтарының ұйымдасқан транзиті қамтамасыз етілді", - деп толықтырды полковник.

Сонымен қоса Ғани Ағаділов кейбір көршілес елдермен шекара жабылғанын атап өтті.

"Қазақстан Республикасы РФ, ҚХР, Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанмен құрлық арқылы шекаралас. Бұл көрші елдермен шекарада автокөлік және теміржол өткізу пункттері бар. Каспий теңізі арқылы шекараны өтетін кемелерді бақылауға алатын және еліміздегі 18 ірі қалалардың әуежайларында өткізу пункттері жұмыс атқарады. Жалпы өткізу пункттерінің саны – 100, оның ішінде 51 автокөлік өткізу пунктінің 12-сі пандемияға байланысты уақытша жабылған. Аталған халықаралық өткізу пункттерінде Шекара қызметі Мемлекеттік кірістер органдары, Денсаулық сақтау министрлігінің бөлімшелерімен бірлесе шекарадан өту кезіндегі санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қамтамасыз етуде", - деді департамент бастығының орынбасары.



Дегенмен, оның сөзіне сүйенсек, жолаушылар саны азайғанымен, бірқатар заң бұзушылық тіркелген.

"Жолаушылар легінің едәуір азаюына қарамастан, шекараны жалған құжатпен өтуге, тауар-материалдық құндылықтарды бақылаудан жасыруға, тыйым салулар мен шектеулер қойылған азық-түлік санатын өткізуге, қорғаныш құралдары және медициналық бұйымдарды заңсыз шығару фактілері анықталуда. Біздің тарапымыздан заңсыздыққа жол бермеу үшін мейлінше жоғары дәрежеде бақылау қамтамасыз етілген", - деп түйіндеді полковник.
Барлық жаңалықтар