• Басты
  • Алматыда шеткі аудандардағы тұрғын үйді гaздaндыру мәселесi қaлай шешіліп жатыр. Несие қалай беріледі

Алматыда шеткі аудандардағы тұрғын үйді гaздaндыру мәселесi қaлай шешіліп жатыр. Несие қалай беріледі

6 Тамыз, 2020 17:25

Биыл жылу маусымына дейін Алматы қаласының шеткі аудандарындағы тұрғын үйлерді табиғи газбен қамту мәселесі жолға қойылып отыр. Жоба бойынша, бұл екі бағытта жүзеге асады. Тұрғын үйлерді газдандыру үшін несие беру мәселелері туралы Strategy2050.kz тілшісі дайындаған материалдан оқи аласыздар.

Алматыдағы түйткілді мәселелердің бірі - халықтың газбен қамтылуы. Алматы қаласы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының басшысы Әсет Масабаевтың айтуынша, әртүрлі жағдайларға байланысты Алматының аумағындағы тұрғын үйлер әлі күнге көмір отынынын пайдаланып отыр.

«Төрт жыл қатарынан ҚазТарнсГаз мекемесі қаланың шет аймақтарында бірқатар жұмыс жүргізді. Осыған байланысты көп жерлерде адамдар мүмкіндігінің жоғына байланысты табиғи газға қосыла алмай отыр. Осыған байланысты қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес, екінші деңгейлі банктермен жұмыс бастадық. Осыған ықылас білдіріп, көмек көрсетіп отырған Халық банк екенін атап өткен жөн», - деді басқарма басшысы.

 

Халық банк 100-ге жуық үйге тегін газ кіргізіп бермек

Әсет Масабаевтың айтуынша, екі мәселені шешуді жолға қойып отыр. Қазіргі таңда Алматыда 150 мыңнан астам жер үй бар. Оның 2800-і әлі табиғи газға қосылмаған. Айта кететін мәселе, 2800-дің 400-не газ желілері тартылмаған болса, ҚазТрансГаз аймақ мекемесі екі жыл көлемінде ол жерлерге газ желілерін жеткізуді жоспарлап отыр. Ал 2800 үйдің табиғи газға қосылмау себебі, басқарма басшысының сөзінше, жағдайдың жоқтығына байланысты болып отыр. Осыны ескере отырып қазіргі таңда Халық банк тарапынан екі мекенжай бойынша бөлімдер ашылған. 

«Одан бөлек сол әлеуметтік жағдайы төмен топқа кіретін 210 бар. Оларды депутаттарды, түрлі бизнес өкілдерінің көмегі арқылы газға қосып бердік. Оның ішінде бұған дейін газға қосылмаған 62 мекенжай бар. Сол үйлерге жылу маусымы басталғанға дейін Халық банк өзінің тарапынан газ тартып береді. Жобалауына, қосуға кететін қаржының бәрін аталмыш банк өзі көтереді. Қаржы бөлінді, бұл жағынан олар көмектесуге дайын», - деді Әсет Масабев. 


Пайызсыз және кепілсіз несие

 

«Айтып кетейін, Халық банк кепілсіз, пайызсыз несие беруді жолға қойғалы отыр. 309 мыңға дейін несие беріледі. Ал қалған Халық банк ҚазТрансгаз мекемесімен бірігіп, 2 300 үйді бір жыл ішінде табиғи газға қосуды қолға алып отыр. Ескерту керек, әр үй магистральды желіден әртүрлі қашықтықта екенін айта кетейін, сол себепті ұзындықтары да, мерзімі де әртүрлі әртүрлі болуы мүмкін. Несие берілгеннен бастап 1-1,5 айдың ішінде үйді газға қосу жоспарымызда бар», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар оның айтуынша, қалада салынып жатқан жаңа үйлер де жылу желілеріне қосылмаған. Оны тқрғындардың өздері дайындауы керегін еске салды. Сонымен қатар жылу маусымына дейін берілетін несиені пайдаланып, газға қосып алуға кеңес берді.

 

Несие алу үшін қандай құжат керек

 

-        Жер учаскесінің құжаты

-        Үйдің төлқұжаты (техпаспорт)

-        Үй иесін растайтын құжаттар

 

«Қала басшысының тапсырмасына сәйкес, қандай да бір сауал туындаған жағдайда қаланың 8 бөлімде консультация беруге дайынбыз. Әр аудан ЖҚХА бөлімдері бар. Сонымен қатар ақпарат құралдары арқылы да керекті мәлеметтерді, телефон нөмірлері секілді ақпараттарды береміз. Бұл жұмысты алдағы дүйсенбіден бастаймыз», - деп толықтырды басқарма төрағасы.

Cонымен қатар онлайн жиынға қатысқан Halyk Bank Алматы облыстық филиалының директоры Тасбике Кудикова жобаға кеңірек тоқталып өтті. Оның айтуынша, 92 үйге газ тарту үшін 60 млн теңге қаражат бөлінген.

«Біз қала әкімдігімен бірлесе отырып тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жобасын жасадық. Бұл жоба екі негізгі бағытта жүзеге асатын болады. Біріншісі – Халық банк қайырымдылық жасау мақсатында әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың үйін табиғи газ өткізу мәселесін шешіп береді. Бізге тізімді қала әкімі дайындап берді. Бірінші бағытта әлеуметтік жағдайы төмен азаматтардың 92 үйіне газ кіргізу үшін 60 млн теңгеден астам ақша бөлінді», -деді филиал директоры.

Бұдан бөлек ол екінші бағытта – тұрғындарға пайызсыз несие берілетінін атап өтті. Оның айтуынша, соның ішінде 2 300 тұрғын үйге газ өткізу үшін 18 айға дейін несие беріледі. Несие көлемі – 309 мың теңге. Мұны іске асыру үшін 500 млн теңге қаржы қарастырылған.

Барлық жаңалықтар