• Басты
  • А.Цой: Мaска режимін сақтaмағандарға айыппұл салынады
30 Шілде, 2020 19:13

А.Цой: Мaска режимін сақтaмағандарға айыппұл салынады

Елордада өткен баспасөз мәжілісінде екі аптаға созылған карантин, әлеуметтік төлемдер қалай төленетіні, сонымен қатар маска режимін сақтау жөнінде сөз қозғалды. Брифингте Денсаулық сақтау министрі Алекцой Цой маска режимін сақтамағандарға айыппұл салынатынын айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.

А.Цой: Мaска режимін сақтaмағандарға айыппұл салынады

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой міндетті түрде бетперде кию туралы бұйрығы шыққан болатын. Осы орайда ол бетперде тақпағандарға айыппұл салынатынын айтты.
«Біз халықаралық тәжірибені зерттедік, бұл тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар бірқатар шет елде барлық жерде, іште де, көшеде де бетперде кию міндетті екенін көрдік. Мысалы, қазіргі уақытта АҚШ-тың 43 штатында, Еурпаның бірқатар елінде, Польша, Австралия, Словакия, Вьетнамда масканы міндетті түрде кию қарастырылған. Инфекцияның жұғу көрсеткішін азайтуда масканың рөлі туралы көптеген пікірталас бар. Зерттеулер жүргізілуде, оның нәтижелері маска киюдің тиімділігін көрсетіп отыр», - деді Алексей Цой.

Цой маскаларды міндетті түрде кию туралы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді және ережелерді сақтамау жеке және заңды тұлғаларға айыппұл салынатынын тағы еске салды.

Бұдан бөлек премьер-министрдің орынбасары да маска киюге қатысты ойымен бөлісті. Ол спортпен айналысуға арнайы орындар бар екенін айтып, спортпен сондай жерлерде айналысуға кеңес берді. Ал қоғамдық орындарда, саябақтарда, көшеде, адамдар көп жүретін жол жиектерінде бетперде киіп, бір-біріне зияның тигізбеуге шақырды.

Сондай-ақ ол елде маскамен мәселе туындамайтынын айтып өтті, себебі оның сөзіне сүйенсек, елде күн сайын миллионға жуық маска шығарылады.

«Қазақстанда жасалған маскалар көлемі өзіміздің азаматтарға жетеді. Сонымен қатар біз барлық аймақта бір реттік қолданылатын маскалар шығаратынымызды білесіздер. Қоймаларда маска бар. Бұл мәселе бойынша Қазақстанда ешқандай проблемалар болмауы керек, - деді вице-премьер.
Барлық жаңалықтар