• Басты
  • «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша 162 млрд теңге берілді
8 Қазан, 2019 15:23

«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша 162 млрд теңге берілді

Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ операторы болып табылатын «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша 162 млрд теңге жалпы сомасына 17 916 қарыз берілді.

 

   «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламалары бойынша 162 млрд теңге берілді | Strategy2050.kz

ҚРҰБ-тың «7-20-25» бағдарламасын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халқына жолдауында мәлімделген «Әрбір отбасы үшін тұрғын үйді сатып алудың жаңа мүмкіндіктері» бірінші бастамасын іске асыру шеңберінде әзірлегенін атап өтеміз.

 «7-20-25» бағдарламасы – бұл Қазақстан Республикасының жұмыс ісейтін азаматтарына арналған, кредиттеу мөлшерлемесі нарықтықтан төмен, пайдалануға берілген жаңа құрылыстан тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін бағдарлама. «7-20-25» бағдарламасы іске қосылғаннан кейін ҚР жұмыс істейтін азаматтарының тұрғын үйді бастапқы нарықтан ғана емес, қайталама нарықтан да сатып алуы мақсатында, кредиттеу мөлшерлемесі нарықтықтан төмен «Баспана Хит» бағдарламасы да іске қосылды. 

«ҚИК» АҚ хабарлағандай,  «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламары іске қосылуы сәтінен бастап екінші деңгейдегі банктер 208,4 млрд. теңгеге ипотекалық қарыз берді, бұл 22 мың қарызды құрайды. Оның ішінде оператор 192 млрд теңге сомасына қарыздар сатып алды және қор нарығында облигациялар орналастыру есебінен 152 млрд. теңге тартылды.  

«7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламарын іске қосу ипотекалық кредиттеуді жандандыруға және екі есе көбейтуге мүмкіндік берді. 2015-2017 жылдармен салыстырғанда екінші деңгейдегі банктер бір жылда орташа алғанда 250 млрд. теңгеге кредит берген. «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ жұмысын бастау сәтінен (2018 жылғы маусым) бастап 2018 жылдың соңына дейін жалпы нарық бойынша халыққа ипотекалық кредиттің берілуі 524 млрд. теңгеге дейін ұлғайды, ал 2019 жылғы 8 айда – 508 млрд. теңгеге дейін өскен.

 Қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясат маңыздылығын ескере отырып, Ұлттық Банктің еншілес ұйымы болып табылатын оператор «7-20-25» және «Баспана Хит» бағдарламаларын іске асыруды одан әрі жалғастырады.

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды