- Басты
- Жаңалықтар
- «Баспана Хит», «7-20-25» бағдарламаларының тиімділігі қандай
«Баспана Хит», «7-20-25» бағдарламаларының тиімділігі қандай
9 Қыркүйек, 2019 12:22
«Баспана Хит» бағдарламасы іске қосылған 2018 жылдан бері Қазақстандықтарға қолданыстағы үйлерден 13 мыңнан астам пәтер сатылған. Ал тек бастапқы нарықтан, яғни жаңа үйлерден ғана пәтер ұсынатын «7-20-25» бағдарламасы арқылы 10 мыңнан астам пәтер сатып алынған.
Дегенмен мақұлданған кредиттер сомасы бойынша «7-20-25» бағдарламасында 120 миллиард теңгенің несиесі берілсе, «Баспана Хит» бағдарламасы бойынша 104 миллиард теңгенің несиесі үестірілген.
«Баспана» ипотекалық ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдықовтың айтуынша «Баспана Хит» пен «7-20-25» бағдарламасы бойынша қарыз алушылардың 62%-ының ай сайынғы төлем сомасы 100 мың теңгеден аспапты. Сондай-ақ, қайталама нарықтан яғни қолданыстағы тұрғын ұйлерден сатып алынған пәтерлердің орташа құны 9,8 миллион теңгеден. Ал «7-20-25» бағдарламасы бойынша сатылған тұрғын үйлердің орташа бағасы 4,5 миллион теңгеге қымбат.
««Баспана Хит» бағдарламасы іске қосылған сәттің бастапқы кезеңдерінде-ақ сандық көрсеткіш бойынша «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасынан басып озатынына сендік. Өйткені жаңа түрғын үйлерден пәтер ұсынатын, яғни бастапқы нарық мұндай сұранысқа дайын емес еді. Қолданыстағы үйлердің яғни, қайталама нарықтың сатылымы бастапқы нарыққа қарағанда, әлде жоғары. Дегенмен эконом-класстағы жаңа құрылыс көптеп салына бастағалы ендігі тренд жаңа нарықтан үй ұсынатындардың көбейіп, соған сай «7-20-25» бағдарламасына сұраныс артуы керек», - дейді «Баспана» ипотекалық ұйымы басқарма төрағасының орынбасары Рүстем Қыдықов.
Мамандардың пікірінше, «7-20-25» тұрғын үй бағдарламасының сатылымы «Баспана Хит» ипотекалық өнімімен салыстырғанда төмен болуы заңды. Себебі «7-20-25» бағдарламасы іске қосылғанға дейін құрылыс салушылар Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Ақтау, Шымкент қалаларында құны 25 миллион теңгеге дейін және басқа өңірлерде құны 15 миллион теңгеге дейін болатын эконом класстағы тұрғын үй құрылысы секторын қолға алмаған көрінеді. Осыдан кейін құрлыс компаниялары болашақтағы өздерінің құрылыс жоспарларына «7-20-25» бағдарламасын ескермек. Осы орайда қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету міндетін жаппай шешу үшін құрылысты салу мен пайдалануға берудің бүкіл кезеңін ескере отырып, кемінде 2-3 жыл қажет.
ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Нұрсұлан Назарбаевтың тапсырмасына орай 2018 жылдың маусымында «7-20-25» бағдарламасын іске қосқан болатын.
«7-20-25» тұрғын үй бағдарламасы арқылы жаңадан салынған құрылыстан жылдық 7% мөлшерлемесімен, 20% және одан жоғары бастапқы жарнасымен 25 жылға дейін пәтер алуға несие рәсімдеуге мүмкіндік бар. Бағдарлама бойынша несие алғаннан кейін оны өтеу барысында шарт жасалған кезде көрсетілген жылдық мөлшерлеме өзгеріп кетпейді, ол жағынан қам жемесеңіз де болады.
Мамандар қарыз алушылар арасында пәтерді қайталама нарықтан сатып алуға сұаныстың көптігін ескере отырып, 2018 жылғы қыркүйекте жылдық 10,75% мөлшерлемесімен, 20% және одан жоғары бастапқы жарнасымен және 15 жылға дейінгі кредиттеу талаптарымен «Баспана Хит» бағдарламасын жүзеге асыруға кірісті. Бұл екеуі де экономикалық тұрғыдан белсенді қазақстандықтарға арналған. Аталмыш жүйе бойынша ипотеканы еліміздегі 8 банк береді. Олар: Банк ЦентрКредит, Сбербанк, Халық банк, Еуразиялық банк, АТФБанк, Bank RBK, Jysan банк, Forte Bank.
«Баспана хит» тұрғын үй бағдарламасы мен «7-20-25» тұрғын үй бағдарламаларының шарттары, бір-бірінен айырмашылығы, артықшылығы туралы толық мәліметті Электронды үкімет порталынының мына сілтемесінен ала аласыз.
https://egov.kz/cms/kk/articles/buy_sale/baspana-hit
Айдана Абдрахманова

поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі