• Басты
  • Несие кешіру акциясы: кім, қалай, қашан, қанша?
9 Қыркүйек, 2019 18:03

Несие кешіру акциясы: кім, қалай, қашан, қанша?

5 қыркүйектен бастап осы уақытқа дейін қиын жағдаға тап болған 597 мың 363 қазақстандықтың 105 миллиард 174,16 миллион теңге кепілсіз тұтынушылық несиесі кешірілді. Үкімет қаулысына сәйкес бес санат бойынша азаматтардың несиесі кешіріледі. Осы орайда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Жарлығының іске асырылуы бойынша бірқатар сауалдарға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Светлана Жақыпова, ҚР Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Олег Смоляков, «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ Басқарма Төрағасы Айдос Беков жауап берді.

Несие кешіру акциясы: кім, қалай, қашан, қанша?

Қандай азаматтардың несиесі кешіріледі?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Вице-министрі Светлана Жақыпова балалары кәмілетттік жасқа толмаған немесе кәмілеттік жасқа толғанымен жоғары яки арнаулы оқу орнында оқитын студент баласы бар көп балалалы отбасылардың, 18 жасқа дейін мүгедек баласы бар немесе жастайынан мүгедектігі бар 29 жасқа дейінгі баласы бар отбасылардың, асыраушысынан айырылған отбасылардың, 29 жасқа дейінгі жастайынан жетім қалған азаматтардың, 1 маусымға дейін атаулы әлеуметтік көмек алушылардың тұтынушылық несиесі кешірілітенін айтты.

Кешірілетін несиенің көлемі қанша болу керек?

2019 жылдың 1 маусымына дейін 3 миллион теңгеден аспайтын тұтынушылық несиелердің үш жүз мың теңгесі кешіріледі.

5 санаттың біреуіне кіргенімен, тізімде болмай қалу себептері...

Светлана Жақыпова кейбір азаматтардың жоғарыдағы 5 санаттың біріне кіргенімен, несие өтелушілердің тізімінде болмау себептерін де түсіндірді.

«Ең алдымен, егер көпбалалы отбасы болып есептелген жағдайда жұбайы туралы мәлімет мемлекеттік ақпарат жүйесінде болмаса және неке қию туралы мәлімет хал актілеріне тіркелуі тиіс. Олай болмаған жағдайда аталмыш отбасы тізімге енбей қалады. Ондай кезде Әділет министрлігіне жүгіну керек. Сол жерде тіркелгеннен кейін ғана тізімге енгіземіз. Ал асыраушысынан айырылған азаматтардың кейбіреуінің де азаматтық хал актілері туралы ақпараттық жүйеде мәліметі болмай қалады. Біз ондай азаматтарды да Әділет министрлігіне жібереміз. Сондай-ақ көпбалалы отбасылардың балалары кәмелет жасына толып, жоғары оқу орнында оқығанмен, ол туралы ақпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпарат жүйесінде тіркелмесе, несиесі кешірілетіндердің тізімінде болмай қалады. Оларды да Білім және ғылым министрлігіне жолдайтын боламыз», - деді Светлана Жақыпова.

Мамандардың айтуынша осы уақытқа дейін несие жүктемесі жеңілдетін 507 мың қазақстандық анықталған екен.

Қандай жағдайда коллекторға өтіп кеткен несиелер кешіріледі?

«Несиесі коллекторларға өтіп кеткенкенімен банк балансынан шығарылмаған жағдайда коллектор қарыз алушы мен банк арасында байланыс орнатып, қарыздың қайтуына ықпал ете алады. Мұндай қарыздар банк балансында сақталатындықтан, олар борышын кешіру акциясына қатысуына мүмкіндігі бар. Ал, коллекторға сатылған несиелер банк балансынан шығарылады. Ондай қарыздар ондай несие кешіру акциясынан тыс қалады. Дегенмен коллекторлық туралы заңнамаға сәйкес банк қарыз иесінің келісімі арқылы ғана оны коллекторға өткізуіне мүмкіндігі бар. Содан кейін банк коллекторға өтіп кеткен несие иесіне одан кейін шағымдана алмайды», - деді ҚР Ұлттық банк Төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары несиесі коллектордың қолына өткен қанша несие алшылардың бар екендігі туралы нақты ақапарат жоқтығын, ондай несиелердің жалпы сомасы бірнеше ондаған млрд теңгеден асатынын жеткізді.

110 мыңнан астам қазақстандықтың өсімпұлдары кешірілді

Сондай-ақ ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 110 мыңнан астам жеке тұлғаның 700 миллион теңге өсімпұлдан құтылғанын хабарлады.

«Осы жылдың 5 қыркүйегіне дейінгі мәліметке сәйкес, 114 849 қазақстандықтардың, яғни жеке тұлғаның 688,3 миллион теңгеге жуық өсімпұлы шығынға жазылған. Жыл басынан бері олар 2,9 миллиард теңге көлеміндегі негізгі қарыздарын төлеп келген. Аталмыш рақымшылық акциясына шамамен 1,4 миллион адам қатысты. Бұл рақымшылыққа ілінетін азаматтар 13,9 миллиард теңге сомасындағы негізгі қарыздарын өтеген кезде олардың 6,3 миллиард теңге сомасындағы өсімпұлдары шығынға жазылатын болады. Сонымен бірге комитеттің барлық аумақтық бөлімшелеріне осы жылдың 13-14 тамыз күндері өсімпұлдарды шығынға жазу жөніндегі комиссия құру туралы бұйрық берілді», - деген ақпарат таратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті.

Кепілсіз тұтынушылық несиесін кешіру акциясы қанша уақытқа созылады, тізімде болмасам не істеймін?

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпованың мәліметінше бұл процестің қанша уақытқа созылатыны әзірге нақтыланбады. Алайда бұл бір реттік акция екенін естен шығармаған жөн.

«Бұл бір реттік акция екенін естен шығармайық. 2019 жылдың 1 маусымына дейін 3 миллион теңгеге дейін алынған тұтынушылық несиелер. Аталмыш акция туралы ақпаратты ести сала 1 маусымнан кейін несие алғандардікі қаралмайды. Дегенмен қабылдауға келгендердің арасында да бірен-саран ондай азаматтар кездесті. Жоғарыда аталған 5 санатқа жатқанымен, тізімге енбей қалғандардар бізге құжаттарымен бірге өтінішін өткізгені жөн. Бұл шараның нақты қашан аяқталатыны, қандай да бір уақытпен шектелуі туралы шешім жоқ», - деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова.

Вице-министрдің мәліметінше, 4 мыңнан астам жетім бала мен кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-аналарынан айырылған 29 жасқа толмаған жастар туралы мәлімет ҚР Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінде болмай шыққан.

Тізімде болмағандар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің базасында жұмыс істейтін cаll-орталыққа жүгіне алады.

Cаll-орталық телефондары: 111, 74-32-20,75-01-79,75-01-78. Ал тізімде бар, жоқтыңызды білу үшін egov.kz порталындағы «Борыш жүктемесін азайтуға арналған бағдарламаға қатысу мәртебесін тексеру» қызметін ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңба) арқылы тексере алады.

Осы уақытқа дейін қанша адамның несиесі кешірілді, олар «қара тізімге» ене ме?

ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляковтың мәліметінше Үкімет қаулысына сәйкес несие кешіру процесі кезең-кезеңмен жүзеге асады. Азаматтардың борыш жүктемесін азайту бойынша 5 қырүйектен бастап қиын жағдаға тап болған 597 мың 363 азаматтың 105 миллиард 174,16 миллион теңге кепсілсіз тұтынушылық несиесі кешірілді. Соның ішінде 263 мың 525 азаматтың, яғни 52 пайызының несиесі толық өтелді.

«Алдымен ең жоғары жылдық тиімділік мөлшерлемесі бар қарыздар жабылады, соңында ертерек алынған қарыздар қаралады. Қарыздары кешірілген азаматтар болашақта несие ала алады. Осы акцияға қатысқаны үшін ешқайсысы «қара тізімге» кірмейді. Төленген төлем туралы ақпараттың болашақта несие алуға теріс әсері жоқ», - деді ол.

Қазіргі уақытта, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына орай, жоғарыдағы санаттар бойынша 2 миллион 289 мың адам анықталған. Қазіргі таңда санаттарға сәйкес азаматтарға қатысты жұмыстар олардың жеке өтініштері негізінде жүріп жатыр.

Айдана Абдрахманова

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды