Басты бет

Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның спорт саласындағы жетістіктері

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ МЕН СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР

2020 жылғы көрсеткіш бойынша Қазақстан халқының 31,6 % бұқаралық спортпен айналысады

5,9 млн адам дене шынықтыру және спорт қозғалыстарына тіркелген

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ЧЕМПИОНДАРЫ


1991 жыл.Қазанда өткен бокстан КСРО чемпионаты

Чемпионатында атыраулық Болат Теміров 52 кг салмақта КСРО чемпионы атанса, ең жеңіл салмақта (48 кг) Бектас Әбубәкіров, 75 кг Кәміл Хабибрахманов, ауыр салмақта (91 кг) Игорь Шишкин күміс жүлдені иеленді. Николай Кульпин, Дапанкуловтар қола медаль иеленді

1992 жыл.Ресейде өткен Біріккен құрама бәсекесі

Бәсекеге 12 елден 236 боксшы қатысып, Барселона олимпиадасының жолдамасын сарапқа салды. Қазақстан құрамасы қатарынан 4 алтын, 5 күміс, 2 қола медаль, барлығы 11 медальмен жалпыкомандалық есепте Ресейден кейінгі екінші орынды иеленді. Болат Жұмаділов, Болат Теміров, Кәміл Хабибрахманов, Аркадий Топаев, Сұлтан Абдуразаков, Бектас Әбубәкіров, Марадек Жүсіповтер КСРО чемпионатының жұлдыздарына айналды

1993 жыл.Словенияда өткен әлем чемпионаты

1993 жылы – Қазақстанның хоккей құрамасы Словенияда өткен әлем чемпионатына қатысып, тәуелсіз Қазақстанның алғашқы чемпион атағын Өскемендік Торпедо командасы еншіледі

1994 жыл.Бангкоктағы бокстан Әлем кубогі

1994 жылы – Тайландтың Бангкок қаласында бокстан Әлем кубогі жалауын көтерді. Бұл сында қарағандылық А.Топаев алтын медаль жеңіп алды. К.Шағатаев күміске күптелсе, Б.Ниязымбетов пен В.Шторм қола жүлдегерлер атанды. 

1994 жылы Қазақстан футболдан FIFA-ның толыққанды мүшесі атанды

1995 жыл.бокс пен жеңіл атлека әлем чемпионаты

Швецияның Гётеборге қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтті. Қыздар арасында 100 метрге жүгіруде Ольга Шишигина әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. 

Германияның Берлин қаласында бокстан әлем чемпионаты өтіп, Б.Жұмаділов күміс медальді, В.Жиров қолаға ие болды

1996 жыл. XVI жазғы Олимпиада ойындары

Василий Жиров (бокс), Александр Парыгин (бессайыс), Юрий Мельниченко (грек-рим күресі) алтын, Анатолий Храпатый (ауыр атлетика), Сергей Беляев (нысана көздеу), Болат Жұмаділов (бокс) күміс, Мәулен Мамыров (еркін күрес), Болат Ниязымбетов (бокс), Ермахан Ыбрайымов (бокс), Владимир Вохмянин (нысана көздеу) қола медаль алды

1997-1998.бокстан әлем чемпионаты\ХVІІІ қысқы Олимпиада ойындары

Венгрия астанасы Будапеште бокстан әлем чемпионаты өтіп, Е.Ыбырайымов күміс медаль, Б.Жұмаділов қола медаль алды. 

Наганода өткен ХVІІІ қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан 2 қола медаль алды, олар шаңғышы Владимир Смирнов және конькиші Людмила Прокашева болды.

1999-2000. бокстан өткен әлемчемпионаты\Сидней олимпиадасы

1999 жылы - АҚШ-тың Хьюстон қаласында бокстан өткен әлем чемпионатында қазақ баласы тұңғыш рет тұғырдың биік сатысына көтерілді. Б.Жұмаділов алтын медальға лайықты болса, М.Ділдәбеков күміс, Е.Ыбырайымов қола медаль еншіледі. 

2000 жылы – Сидней олимпиадасында бокстан Бекзат Саттарханов пен Ермахан Ыбырайымов алтын, Ольга Шишигина жеңіл атлетикадан алтын, Б. Жұмаділов, М. Дәлдібеков (бокс), А. Винокуров (велоспорт), И. Байрамуков (еркін күрес) күміс-қола иеленді.

Жаңа ғасыр чемпиондары


2001 жылы - Канаданың Эдмонтоне қаласында жеңіл атлетикадан әлем чемпионатыда Ольга Шишигина қола медальға ие болды.

 2002 жылы – Оңтүстік Кореяның Пусан қаласында XIV жазғы Азия ойындары өтті. Азияның 44 елінен 7711 спортшы бақ сынаған құрлықтық ойындарда Қазақстан құрамасы 20 алтын, 26 күміс, 30 қола медаль еншілеп, жалпыкомандалық есепте төртінші орынға көтерілді.

2003 жылы – Таиланд астанасы Бангкокта өткен әлем чемпионатында қазақтың қос боксшысы Ж.Жафаров пен Г.Головкин жеңістің алтын тұғырына көтерілді.

2004 жылы - Грекия өткен XXVIII жазғы Олимпиада ойындарында Бақтияр Артаев (бокс) алтын, Геннадий Лалиев (еркін күрес), Георгий Цурцимиа (грек-рим күресі), Геннадий Головкин (бокс), Сергей Филимонов (ауыл атлетика) күміс, Серік Елеуов (бокс), Мкхитар Манукян (грек-рим күресі), Дмитрий Карпов (жеңіл атлетика) қола жүлдені иемденді.

2008 жылы – Бейжің олимпиадасында бокстан Бақыт Сәрсекбаев алтын, ауыр атлетикадан Илья Ильин алтын медаль әкелді. 

2012 жылы – Лондон олимпиадасында веложарыстан Александр ВИнокуров алтын, ауыр атлетикадан Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова, Илья Ильин алтын алқа, үш қарғып секіруден жеңі атлетші Ольга Рыпакова, бокстан Серік Сәпиев алтын алқа иеленді.

2016 жылы – Рио олимпиадасында Қазақстан құрамасы 17 медаль алды. Олар: дзюдодан Отгонцэцэг Галбадрах қола жүлде, дзюдодан Елдос Сметов күміс жүлде, ауыр атлетикадан Фархад Харки мен Карина Горичева қола жүлде, ауыр атлетикадан Жазира Жапарқұл күміс медаль, жүзуден Дмитрий Баландин алтын медаль, жеңіл атлетикадан Ольга Рыпакова қола, бокстан Василий Левит күміс, ауыр атлетикадан Александр Зайчиков күміс, бокстан Данияр Елеусінов алтын медаль әкелді

Қазақстандағы СПОРТ КЕШЕНДЕР

ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫ ЕЛІМІЗДЕ

77

СТАДИОН

38

СПОРТ САРАЙЫ

7,8

МЫҢНАН АСТАМ СПОРТ АЛАҢЫ

МЫҢНАН АСТАМ СПОРТ ЗАЛЫ САЛЫНДЫ

БЕЛГІЛІ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ

ЖОО-ЛАРДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНДЕРІ

77

спорт клубы

2000

спорт секциясы

177 263

студент спортпен шұғылданады

МЕКТЕПТЕРДЕГІ СПОРТ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ

477

балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі

1 938 598 

бала спортпен айналысады

17

мектеп-интернат

Ұлттық ойындар

25-тен астам ұлттық спорт түрі жанданып дамыды. «Қазақ күресі», «Саятшылық», «Асық ату» және «Тоғызқұмалақ» секілді ұлттық спорт түрлері ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілді

ҚАЗАҚСТАНДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫҚ ОЙЫНДАР

2011 жылғы VII қысқы Азия ойындары

Қазақстан - Қысқы Азия ойындарын қабылдаған төртінші мемлекет. Бұған дейін төртжылдықтың ең ірі форумы Қытай, Жапония, Оңтүстік Кореядан алыстаған емес. Екіншіден, Ақ Азиада ойындары тұңғыш рет екі қалада өткізілді. Тағы бір ерекшелігі, Қазақстандағы ойындардан бастап, Азиаданың меншікті алау оты пайда болды. 

Спорттың 11 түрін қамтыған Азиада ойындарының телекөрсетілімін 500 миллион көрермен тамашалады

VII Қысқы Азия ойындарының нәтижесі бойынша 32 алтын, 21 күміс және 17 қоламен - барлығы 70 медаль жинаған Қазақстан Азиада тарихының жаңа бетін жазды. Екінші орынға 13 алтын, 24 күміс және 17 қоламен Жапония табан тіресе, Корея спортшылары 13 алтын, 12 күміс және 13 қоламен үздіктер үштігін түйіндеді. Жалпы, Азиадаға қатысқан 24 елдің тек сегізі ғана медальға ілікті. 

 

2017 жылы 28 ақпандағы Дүниежүзілік қысқы Универсиада

Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Алматы қаласы 28 ақпанда Дүниежүзілік қысқы Универсиаданы қабылдады. 2017 жылғы 8 ақпанда басталған іс-шара 12 спорт түрінен 8 спорт объектісінде («Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, «Медеу» биік таулы спорт кешені, «Сұңқар» халықаралық кешені, Б. Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайы, «Алатау» шаңғы және биатлон стадиондары кешені, «Табаған», «Алматы арена» және «Халық Арена» ойын-сауық кешені) үлкен абыроймен ұйымдастырылды. Универсиадада қазақстандық студенттер құрамасы 36 медаль ұтып, жалпыкомандалық есепте 57 елдің арасында 2-орынға тұрақтады.

 

2013 жылғы Алматыдағы бокстан әлем чемпионаты

Чемпионатында қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов (48 кг), Мерей Ақшалов (64 кг), Данияр Елеусінов (69 кг) , Жәнібек Әлімханұлы (75 кг), алтын иеленді. Ал Әділбек Ниязымбетов (81 кг), Иван Дычко (91 кг) күміс жүлде иегері атанса, Қайрат Ералиев (56 кг) , Берік Әбдірахманов ( 60 кг) қола жүлдені иеленді

 

2014 жылы Алматыда өткен ауыр атлетикадан әлем біріншілігі

2014 жылы Алматыда өткен ауыр атлетикадан әлем біріншілігінде Әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (58 кг) үздік шықса, ерлер арасында Жасұлан Қыдырбаев (94 кг) және Илья Ильин (105 кг) алтын медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (58 кг) үздік шықса, ерлер арасында Жасұлан Қыдырбаев (94 кг) және Илья Ильин (105 кг) алтын медаль жеңіп алды. Әйелдер арасында Зүлфия Чиншанло (58 кг) үздік шықса, ерлер арасында Жасұлан Қыдырбаев (94 кг) және Илья Ильин (105 кг) алтын медаль жеңіп алды

 

2019 жылы елордада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтті

Қазақстанда алғаш рет олимпиадалық күрес түрлерінен өткен әлем чемпионатында күрес түрлерінен қазақстандықтар 7 медаль (грек-рим күресінен - 1 күміс, 2 қола, әйелдер күресінен - 1 қола, еркін күрестен - 2 күміс, 1 қола) жеңіп алса, Олимпиада ойындарына жалпы 8 жолдамаға иелік етті. Байрақты бәсекеде әлемнің 100 елінен 1 002 балуан күш сынады. Әр күрес түрінен 10 салмақтан жалпы 30 медаль жиынтығы сарапқа салынды.

2015 жылы 24-30 тамызда Астанада Әлем чемпионаты өтті

Елордадағы "Алау" мұз айдынында өткен болатын. Қазақстан құрамасы Словениямен төртінші қатарды бөлісіп, ТОП-5 құрамасына енді. Бір алтын және бір күміс медальді иеленді. Теледидардан 193 млн адам тамашалады.

ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР СПОРТПЕН ЖИІ ШҰҒЫЛДАНА БАСТАДЫ

2020 жылы әлемді шарлаған пандемияға байланысты бірқатар халықаралық спорт шаралары өткен жоқ. Кейбірінің ұйымдастырылу уақыты кейінге шегерілсе, кейбірі көрерменсіз өтті. Десек те, пандемия кезінде қазақстандықтардың спортпен айналысу көрсеткіші артқан. 

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында спорт және демалыс саласында қызмет көрсететін ұйымдар 178 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда, құндық мәнде 16,8%-ға артық. Ал, нақты өсім - 11,8% құраған.