Басты

Үкімет

  • Қазақстанда 2 жылда IT-стартаптарға 29 млрд. инвестиция салынды 25 Маусым 2019 Astana Hub халықаралық технопаркі 2018 жылы 6 қарашада ресми ашылды. Қазіргі таңда ол ұлттық инновациялық экожүйе ретінде қалыптасуда. Оның құрылу негізіне Сингапур, Оңтүстік Корея сынды елдердің тәжірибесі алынған болатын. Қазіргі таңда бұл жоба алғашқы нәтижелерін көрсетіп жатыр. Атап айтқанда, Astana Hub іске қосылғалы 2018-2019 жылдардың ішінде IT-стартаптарға 29 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылған. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев, Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Үкімет отырысында Ақпараттық технологиялар саласындағы инновациялық экожүйенің дамуы туралы айтып берді.
  • Арыс қаласындағы оқиғаның салдары – қаланың бүгінгі жағдайы қандай? 25 Маусым 2019 Түркістан облысы Арыс қаласының әскери қоймасында бірнеше жарылыс болып, Арыс қаласы мен сол қаланың маңайындағы ауыл тұрғындары түгелге эвокуацияланған болатын. ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше оқиға 24.06 күні таңғы сағат 9-дан өте болған. Жарылыс кесірен жарақат алған 165 адамның 76-сына амбулаториялық көмек көрсетілген. 89 пациент стационарлық ем қабылдаса, 15 адам жансақтау бөлімінде жатыр. ІІМ орынбасары Юрий Ильиннің мәліметінше жарлыс кезінде адасып кеткен балалардың барлығы табылған. Осыған байланысты оқиғаның салдарымен күресіп жатқан тиісті Үкімет мүшелері мәлімдеме жасады.
  • Медициналық көмек көрсетудің жаңа тәсілдері қандай болмақ? 18 Маусым 2019 Үкімет отырысы жаңадан тағайындалған министрлердің ант беруінен басталды. Осыған дейін тағайындалған ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, сондай-ақ ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Қазақстан заңдарын қатаң ұстанып, ел игілігіне қызмет ету жөнінде ант етті. Ал, Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов медициналық сақтандырудың жаңа үлгісі туралы айтып берді. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Жаңа жұмыс орындарын ашу – Үкімет жұмысының басымдыққа ие міндеті – А.Мамин 11 Маусым 2019 Жаңа жұмыс орындарын ашу – Үкімет жұмысының басымдыққа ие міндеті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин 2019 жылғы қаңтар-мамырдағы ҚР әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған отырыста мәлімдеді. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
  • 2023 жылы халықты ауыз сумен 100% қамтамасыз ету мәселесі шешіледі 04 Маусым 2019 ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елді мекендерді сумен қамту және су бұру мәселелері қаралды. Бүгінгі күні 86 қалалық елді мекеннің 58-де ғана тазалау құрылғылары бар, олардың орташа тозуы 60% - ды құрайды. Олардың 26 қалада қайта жаңарту және 27 қалада құрылысын салу жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл проблеманы шешу үшін алдын ала бағалау бойынша шамамен 330 млрд.теңге қажет. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • Қазақстанда еңбек ресурстарын ұлттық болжамдау жүйесі құрылады 28 Мамыр 2019 Технологиялық жаңалықтар жылдар бойы қалыптасқан еңбек нарығының келбетін күрт өзгертуде. Әр экономикалық кезең білім саласының алдына өз талаптарын қояды. Техникалық және кәсіптік білім жүйесі өнеркәсіптің тікелей қатысуымен нарықтың сұранысына орай маман даярлауы керек. Осы орайда Ұлттық біліктілік жүйесі экономикадағы нәтижелі жұмыспен қамту мәселесінде өзіндік көпір бола алады. Аталған жүйенің тиімділігі мүдделі мемлекеттік органдардың, салалық ассоциациялар мен Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бірлескен жұмысына байланысты болады. Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру талқыланды. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
  • БЖК-2020: 4 жылда 10 мың жұмыс орны ашылды 22 Мамыр 2019 «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың 4 жылы ішінде 210,5 млрд теңге бөлінді. Оған 10 мың жұмыс орны құрылып, 3,3 трлн теңге сомасын құрайтын өнім шығарылды. Бағдарламаның нәтижелері мен шағын және орта бизнес көрсеткіштерін келесі материалдан оқи аласыздар.
Инфографика
Мұрағат
Яндекс.Метрика