• usd 0.00%
    426.99
  • eur 0.00%
    514.35
  • rub 0.00%
    5.72
  • gbp 0.00%
    594.2
  • cny 0.00%
    65.96
12.04.2021 14:07:13

Қазақстанда екпе салдырғандар саны

Қазақстанда вакцинациялау 1 ақпанда басталған болатын. 1 сәуірден бастап вакцина алуға рұқсат етілгендер қатары көбейді. Олардың ішінде 65 жастан асқан кісілер мен созылмалы ауруы бар науқастар бар.

16b5650206e92a18b0a832307b931f40_1280x720.jpg

Бүгінге дейін Қазақстан бойынша 443 974 адам екпе салдырды. Оның ішінде бірінші компонентпен 338 582 адам салдырса, екінші компонентпен 105 392 адам вакцина алған.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлағандай, сәуір айында Қазақстанға 2 млн доза вакцина әкелінеді.

Елордада вакцина салдырғандар саны

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау орталығы мәлімдеме жасады. Елордада 12 сәуірге дейін 30 мыңға жуық ерікті екпе салдырған. Бүгіннен бастап қалада екпе салу пункттерінің саны 100-ге жетті. Мәселен, қалалық №10 емханада бүгінге дейін 1029 адам екпе алған. Бірінші компонентпен 985, ал екінші компонентпен 244 адам алған. Олардың ішінде 265 дәрігер, 245 педагог, 35 студент және 622 созылмалы ауруы бар науқастар алған. Емханада 2 екпе пункті бар. Резервте 1 кабинет тұр. Емхананың профилактикалық емдеу бөлімінің басшысы Данияр Қабыкеновтің айтуынша, вакцинаның жанама әсері болмаған.

«Кез келген денеге салынған екпеден кейін ағзаның иммундық жауабы болады. Ол дене температурасының көтерілуі, бұлшықеттердің ауруы сяқты белгілерден көрінеді. Ол жанама әсер емес. Уақытша ауырсыну мен қызу бір тәуліктен соң басылады», - деді дәрігер.

Вакцина қауіпті ме?

Қоғамдық денсаулық сақтау орталығында бұл сұраққа жауап берді. Вакцина инфекциялық агенттерді – ауру тудыруы мүмкін вирустарды, бактерияларды немесе басқа да микроорганизмдерді имитациялайды. Осылайша адамның иммундық жүйесі тез және тиімді жауап беруге «үйренеді». COVID-19-ға қарсы вакцинациялау кезінде ауру тудырмайтын, бірақ, сонымен қатар, иммундық жауапты қауіпсіз генерациялайтын, инактивацияланған немесе әлсіздендірілген вирусты пайдалана отырып фрагменттер қолданылады.   ДДСҰ жаппай қолдануға рұқсат берген вакциналар ауруларға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін және тиімділігін дәлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден және клиникалық сынақтардан өтеді, сондай-ақ ұлттық реттеуіш стандарттарына сәйкес келетіндігі тексеріледі.

Вакцина салдыру уақыты

 КВИ-ге қарсы вакцина алу үшін шамамен бір сағат уақыт қажет.

 10 минут

Екпе алудың алдында дәрігердің қарап-тексеруі керек.

 15 минут

Препаратты дайындау. Вакцина мұздатылған күйде сақталатындықтан, препаратты процедура алдында еріту керек.  

 30 минут

Екпе салғаннан кейін бақылау. Сіз екі екпе туралы белгісі бар – вакцинациялау күні, вакцина атауы көрсетілген және дәрігердің қолы қойылған атаулы сертификат аласыз.

Вакцина алу үшін тіркелетін ресурстар

Вакцина алу туралы шешім қабылдаған ерікті бірнеше ресурстар арқылы тіркеле алады.

eGov порталы арқылы

eGov порталында «Вакцинацияға тіркелу» қызметі бар. Қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына қолайлы аймақ пен медициналық ұйымды таңдау арқылы вакцинацияға жазылуға мүмкіндік береді. EGov-те тіркелуге болатын медициналық ұйымдардың тізімі бар. еGov-та қалдырған өтініш дәрігердің «Вакцинациялау» деген жеке модуліне жіберіледі, мұнда дәрігер өтінішті көре алады.

Медициналық ұйымдар арқылы

Жергілікті медициналық ұйымдардың және қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының сайтында көрсетілген байланыс орталықтары арқылы өтініш беруге болады. Екпе салдырушы жіберген өтініш негізінде вакцинацияға жататын адамдардың тізімі жасалады, РПН-ге сәйкес пациенттер туралы мәліметтер eGov-ке енгізіледі, вакцинацияның күні мен уақыты әлеуметтік арақашықтық шараларын ескере отырып белгіленеді. Кейін пациенттің жеке нөміріне вакцинациялаудың күні, уақыты мен орнын көрсететін SMS хабарлама жіберіледі.

Вакцинаны міндетті түрде алуы тиіс топтар                                                                                

Коронавирусқа қарсы вакцинаны, ең алдымен, медицина қызметкерлері және халықпен жиі араласатын қауіп тобындағы адамдар алуы керек. Бұл денсаулық сақтау және экономика саласындағы жағдайды барынша тез тұрақтандыруға, сондай-ақ жаһандық пандемиядан қалпына келтіру процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

-жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел медициналық көмектің, реанимацияның, қабылдау бөлімінің, санэпидқызметтің қызметкерлері.

-мектеп, ЖОО, мектеп-интернат, мектепте дейінгі балалар мекемелерінің педагогтары, студенттер және созылмалы аурулары бар адамдар.

-ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК қызметкерлері.

Екпеден кейін тұрақты иммунитет қалыптаса ма?

Қарағанды Медицина университетінің клиникалық жұмыстар жөніндегі проректоры Бақыт Көшерованың айтуынша, вакцинадан кейін иммунитет 2-3 аптадан кейін пайда болатынын айтты.

«Коронавирусқа қарсы екпе екі кезеңнен тұрады. Бірінші компонент салынғаннан кейін 21 күннен соң екінші компонент егіледі. Бізде жыл сайын түрлі ауруға қарсы жасалатын екпе тегін. Сондықтан коронавирусқа қарсы егілетін вакцина тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында беріледі. Тағы бір айта кететін жайт, ол екпе жасалғаннан кейін пайда болатын антиденелер өмір бойы болмайды. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін жойылып кетеді. Сондықтан вакцинаны тұмауға қарсы жасататын екпе секілді, жыл сайын егуге тура келеді», - деді ол.

Вакцинациялаудан кейін организмдегі бірінші иммундық жауап бірінші дозаны салғаннан кейін 12-14 күннен бастап қалыптасады, бірақ тұрақты иммунитет 32–45 күннен кейін, ең көп дегенде 56 күннен кейін қалыптасады. Сондықтан осы инкубациялық кезеңде барлық сақтық шараларын сақтаған жөн, яғни бетперде тағып, арақашықтықты сақтау керек.

Алғашқы екпеден кейін не істеу керек?

Вакцинаның бірінші дозасынан кейін барлық сақтық шараларын сақтау қажет. Бұл қажетті шаралар, өйткені бір дозаның иммундық жүйеге жеткілікті түрде әсер ететіні дәлелденбеген, екіншіден, толық вакцинациялаудың өзі де вирусты жұқтырудан және таратудан 100% қорғай алмайды.

Вакциналардың тиімділігі, негізінен, ауыр симптомдарды болдырмауға қабілетті екендігімен бағаланады. Ал біз ковидтің симптомсыз болуы мүмкін екендігін білеміз, бұл кезде адам айналасындағыларға ауру жұқтырып, қауіп төндіреді.

Ұжымдық иммунитет деген не?

Ұжымдық иммунитет – бұл халықтың көпшілігі белгілі бір вирустан қорғалуы тиіс шекті вакцинациялау деңгейіне жету. Коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін еліміздегі ересек адамдардың 60%-ын вакцинациялаумен қамту керек. Бұл қоғамдағы вирус айналымының жалпы үлесін азайтады және вакцина ала алмайтын әлсіз топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. COVID-19 жұқтырған адамдардың жартысында ауру орташа немесе жеңіл түрде өтетінін, ал кейбір адамдарда ешқандай симптомдардың байқалмайтынын естен шығармаған маңызды, алайда көптеген адамдар қатты ауырады және ауруханаға жатуға мұқтаж.     

Коронавирусқа қарсы вакцинациялау туралы не білу керек?

Кез келген вакцинация, оның ішінде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация ЕРІКТІ түрде жүргізіледі.

Сіз вакцинациядан жазбаша түрде бас тарта аласыз. Бұл үшін әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік көзделмеген.

Короравирусқа қарсы вакцинация алу тегін.



Back to the list