• usd 0.00%
    426.99
  • eur 0.00%
    514.35
  • rub 0.00%
    5.72
  • gbp 0.00%
    594.2
  • cny 0.00%
    65.96
12.04.2021 13:27:52

Жамалбек Шәріпбекұлы, Түркістан облысы қазіргі уақытта түрленіп жатыр. Түркі әлемінің рухани астанасы болды. Аймақта қандай елеулі өзгерістер болып жатыр?

Түркістан облысы 2018 жылы маусым айында Елбасының жарлығымен облыс орталығы болып белгіленді. Сол кезеңмен салыстырғанда қалада елеулі өзгерістер орын алды. Түркістан кәдімгідей орталыққа айналды. Мәдени жағынан да, құрылыс саласы, әлеуметтік салада да алға ілгерілеушілік байқалады. 35-40 мың тұрғынға арналған тұрғын үйлер бой көтерді. Іскерлік орталық ашылды. 10 сәуірде «Керуен сарай» ашылды. Мұндай сарай Орта Азияда жоқ. Инвестициялық жобаны «Turkistan Tourism City» компаниясы іске асырды, кешен құрылысы 2019 жылы желтоқсан айында басталды. Нысан Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне қарама-қарсы «Әзірет Сұлтан» мәдени қорығының буферлік аймағында 20,5 га аумақта орналасқан. Мұнда 4 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылды. Кешенге Жібек жолы дәуіріндегі саудагерлер мен қолөнершілер көшесі, «ұшатын театр», ат шоуын өткізуге арналған амфитеатр, Шығыс базары, сауда сөрелері мен бутиктер, қонақ үйлер мен мейрамханалар, СПА және фитнес-орталық, кинотеатр, отбасылық ойын-сауық орталығы кіреді.

171054650_3755486577900987_2908369352894933412_n.jpg

image-11-04-21-10-19-2.jpeg

170591853_3755486331234345_5888927420864660917_n.jpg

Мәдени ошақтар, стадиондар, саябақтар салынды. Ислам саябағы көптің көңілінен шықты. Көптеген жаңа ғимараттар бой көтерді. Келешекте 70 000 халық тұратын жаңа қала салынып жатыр. Көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Түркістанның символына айналған Қожа Ахмет Яссауи кесенесін жарықтандыру жобасы жасалып, мавзолейге шамамен 187 шам орнатылып, кесене жаңаша түрленді.

«Фараб» деген атаумен кітапхана ашылды. Үш қабатты шығармашылық шаңырақ әртүрлі аймақтарға бөлінген. Оқу залдары мен кітап сөрелері іріктеліп, орнатылған. Ең жоғарғы әрі жарық қабатында үлкен кітапхана жайғасқан. Онда Қазақ елінің атақты қайраткерлері мен қаламгерлері мен әлемнің үздік ақын-жазушыларының әр жылдары жазылған туындылары, естеліктері мен күнделіктері жиналуда.

Жақында ғана өткен түркі кеңесінің саммитінде Түркістан туралы көп айтылды. Түркістанның рухани астана болуы аймаққа қандай өзгеріс әкеледі деп ойлайсыз?

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кешегі саммитте «Түркістан – мүмкіндіктер мекені, ресурстық базасы да кең» - деп айтқан болатын.

Түркі тілдес мемлекеттер тарапынан біздің облысқа тартылатын инвестиция көлемі артады деп ойлаймын. Түркістан түркі тілдес елдердің рухани астанасы болғандықтан, мұнда әлі де мәдени ғимараттар, кешендер бой көтереді. Инвестиция тартылып, кәсіпкерлікке қолдау болғаннан кейін халықтың әлеуметтік жағдайы да жақсарады. Біздің облыстың өткен жылғы бюджеті 898 млрд теңгені құраған. Бұдан өзге 73 млрд теңге сырттан инвестиция құйылған. Осы инвестиция көлемі ұлғайып жатыр. Бұл өте жақсы көрсеткіш. Инвестици көбірек тартылған қала дамып, халықтың өмір сүру сапасы да жақсарады.

Сіз басқарып отырған Қоғамдық кеңес қаланың дамуына қандай үлес қосып жатыр?

Менің Қоғамдық кеңеске сайланғаныма көп уақыт бола қойған жоқ. Біздің міндет – Түркістанға бөлінетін мемлекеттік қаржының жоспарлы жұмсалуын қадағалау. Қоғаммен байланыста болып, халықтың мұң-мұқтажын тиісті жерге жеткізу, мәселелерді шешу. Қысқаша айтқанда, Қоғамдық кеңес – билік пен халықтың арасындағы көпір. Күн сайын азаматтарды қабылдап, олардың тұрмыстық жағдайларын шешуге назар аударамыз. Одан бөлек, өзіміздің жоспарлы шараларымыз бар, соларды орындаймыз. Сала басшыларының жұмыс істеу есебімен танысамыз. Цифрландыру мәселесі қазір өзекті. Түркістан облысындағы әлеуметтік салалардың цифрландыруға көшуін бақылаймыз. Пандемия кезінде де Қоғамдық Кеңеске артылған міндеттер көбейді. Одан бөлек, жастар мәселесі, жұмыспен қамту мәселелерін қадағалау жұмыстарымен айналысамыз. Қаңтар айынан бері Қоғамдық кеңестің 7 отырысы өтті. Тиісті басқармалардың есебін тыңдадық. Олқылықтардың орнын толтыру туралы шаралар қабылдадық.

Түркістан облыс орталығы болғаннан бері, жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарды ма? Түркі Кеңесінің саммиті халықтың тұрмыс жағдайына әсер етеді деп ойлайсыз ба?

Бәріңізге белгілі, Түркістан облысы – республикадағы халық көп шоғырланған аймақ. Мұнда 2 млн-нан астам тұрғын бар. Халықтың осал топтарына көмек беру, әлеуметтік жағдайын жақсартуға қазір ерекше көңіл бөлініп жатыр. Қазір Түркістанда $1,4 млрд соманы құрайтын ауқымды инфрақұрылыстық жобалар салынып жатыр.

Түркі Кеңесі саммитінде түркі тілдес мемлекеттердің басшылары Түркістан қаласы туралы түрлі пікірлер атты. Қазірдің өзінде Түркістанға жыл сайын 1,5 млн-нан аса турист келеді. Жылына 5 млн-ға дейін турист келеді деп жоспарлануда. Меніңше, Түркістан туристік аймаққа айналса, жергілікті халықтың тұрмысы, әлеуметтік жағдайы жақсарады. Жұмыс орындар көбейеді.

Түркістанның бір артықшылығы, Алматы мен Астана немесе өзге де облыс орталықтарымен салыстырғанда, қонақ-үй, қоғамдық тамақтану сапасы жақсы, бағасы арзан, климаты қолайлы. Түркістанның облыс орталығы әрі түркі тілдес елдердің рухани астанасы болуы – қаланың статусын көтеріп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартатынына сенімдімін.

Көгалдандыруға назар аударылып жатыр. Соның әсерінен бе екен, соңғы жылы қаладағы ауаның тазарып, ауа-райы қолайлы болғанын байқап жүрміз. Демек, халықтың денсаулығына оң әсерін тигізеді.

Әңгімелескеніңізге рақмет, Жамалбек Шәріпбекұлы.




Back to the list