• usd 0.00%
    426.99
  • eur 0.00%
    514.35
  • rub 0.00%
    5.72
  • gbp 0.00%
    594.2
  • cny 0.00%
    65.96
12.04.2021 10:11:55

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 524,3 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша 168,8 мың адамды құрайды.

"Мүгедектік және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушысының асырауындағы адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленетін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасына байланысты болады", делінген хабарламада.

2021 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 49 502 теңгені, асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері 41 369 теңгені құрады.


Back to the list