• usd 0.00%
    426.99
  • eur 0.00%
    514.35
  • rub 0.00%
    5.72
  • gbp 0.00%
    594.2
  • cny 0.00%
    65.96
09.04.2021 14:02:26

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов елордада қала тұрғындарын вакцинациялау алдын ала жазылу арқылы басталғанын атап өтті. Оның мәліметінше, елордада ұжымдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында 600 мыңнан астам адамға немесе қала тұрғындарының кем дегенде 60%-ын вакцинациялау жоспарланғанын.

Сонымен қоса, денсаулық сақтау басқармасының басшысы қазіргі таңда 22,500-ден астам елордалық коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алған.

«Олардың қатарында медициналық қызметкерлер, оқытушылар, құқық қорғау органдарының, дипломатиялық қызметтердің қызметкерлері және созылмалы аурулары бар адамдар. Вакцинадан кейінгі асқынулар туралы хабарланған жоқ. Осы аптада қала тұрғындарын вакцинациялау тек жазылу бойынша басталды», - деді Тимур Мұратов.

Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы вакцинаны алғысы келетіндердің барлығы өздері жазылып, шақыруды күтуі керек.

COVID-19 вакцинасын алу үшін тіркелу алгоритмі

Сонымен қоса, басқарма басшысы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғысы келетін адамдар өтінімді екі жолмен қалдыра алатынын атап өтті.

eGov порталы арқылы

«eGov порталында «Вакцинацияға тіркелу» қызметі бар. Қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына қолайлы аймақ пен медициналық ұйымды таңдау арқылы вакцинацияға жазылуға мүмкіндік береді. EGov-те тіркелуге болатын медициналық ұйымдардың тізімі бар. еGov-та қалдырған өтініш дәрігердің «Вакцинациялау» деген жеке модуліне жіберіледі, мұнда дәрігер өтінішті көре алады», - деді ол.

Медициналық ұйымдар арқылы

Сонымен қатар, оның сөзінше, медициналық ұйымдардың және қоғамдық денсаулық сақтау басқармаларының сайтында көрсетілген байланыс орталықтары арқылы өтініш беруге болады. 

«Алынған өтініш негізінде вакцинацияға жататын адамдардың тізімі жасалады, РПН-ге сәйкес пациенттер туралы мәліметтер eGov-ке енгізіледі, вакцинацияның күні мен уақыты әлеуметтік арақашықтық шараларын ескере отырып белгіленеді», - деді Тиумр Мұратов.

Жергілікті дәрігер пациентті вакцинациялау кестесіне енгізген сәттен бастап пациенттің жеке нөміріне вакцинациялаудың күні, уақыты мен орнын көрсететін SMS хабарлама жіберіледі. Вакцина алғаннан кейін пациент 30 минут дәрігердің бақылауында болады, кейін денсаулық жағдайын білу үшін учаскелік дәрігердің бақылауында болады.

«Халықты вакцинациямен қамту үшін медициналық ұйымдарда егу пункттерінің саны 36-дан 100-ге дейін көбейтілді, олардың жұмысы таңғы 8:00-ден түнгі 12:00-ге дейін ұзартылды. Сондай-ақ, халықтың осы қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірге біз вакцинация пункттерін қаланың сауда және ойын-сауық орталықтарында орналастырамыз», - деді басқарма басшысы.

Осылайша, оның сөзінше, «Хан-Шатыр» және «MegaSilkWay» сауда ойын-сауық орталықтарында барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, халықты вакцинациялауға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сауда орталығында 2 команда түскі асқа дейін қызмет көрсетсе, ал тағы 2-еуі сауда орталығы жабылғанға дейін кезекшілік етеді. Команда дәрігерлер мен медбикелерден тұрады», - деп толықтырды басқарма басшысы.

Елордада эпиджағдай күрделі

Сонымен бірге ол қаладағы эпидемиологиялық жағдайға тоқталды. Оның сөзінше, елорда әлі де «қызыл» аймақта. Себебі, әлі де жұқтырғандар саны саны артып отыр.

«Күніне орта есеппен 430 адамның коронавирус жұқтырғандығы тіркеледі. Бұл өткен жылдың шілдесінен де көп. Ол уақытта күніне орта есеппен 180 жағдай тіркелген еді», - деп еске алды басқарма басшысы.

Оның сөзінше, коронавирус жұқтырған науқастарды емдеу үшін қалада 1889 төсек-орыны бар арналған 14 аурухана тартылғанын атап өтті. Оның дерегінше, қазіргі таңда ауруханаларда 985 науқас емделуде, оның 901-інде КВИ расталған, 84-і вирустық пневмониямен түскен.

«Реанимацияда 95 адам жатыр, оның 21-і өкпенің жасанды желдетілуінде, 4 мыңға жуық адам үйде ем алып жатыр», - деп толықтырды Тимур Мұратов.

Бұдан бөлек, жиында Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев Алматы қаласы бойынша вакцинациялау мәселелеріне тоқталып өтті. Оның мәліметінше, кем дегенде бір милиион Алматы тұрғындарын вакцинациялау жоспарланған.

«Бүгінде Алматыда 2 миллионнан астам тұрғын бар. Қаланың кем дегенде бір миллион тұрғынына вакцина егу жоспарланып отыр. Бірінші кезеңде жаппай вакцинацияға дайындалу үшін вакцинация бөлмелерінің қажетті саны есептелді. Вакцинациялау нүктелерінің тұрақты өсуі байқалады. Ақпан айының басында, біз жаңадан вакцинация жасай бастағанда 35 вакцинациялау пункті болды. Бүгінде орның саны182-ге жетті», - деді ол.


Back to the list