• usd 0.00%
    426.99
  • eur 0.00%
    514.35
  • rub 0.00%
    5.72
  • gbp 0.00%
    594.2
  • cny 0.00%
    65.96
08.04.2021 17:41:00

Ораза ұстау мерзімі, Қадір түні, пітір садақа мөлшері

Бас мүфти баяндамасын қазақстандықтарды он екі айдың сұлтаны, қасиетті Рамазанның басталауымен құттықтаудан бастады.

«Алла қаласа, 2021 жылдың қасиетті Рамазан айы 13 сәуірде басталып, 12 мамырда аяқталады. Орталық Азия мүфтилерімен кеңесіп, ғылыми зерттеу жұмыстарының нәжиесіне сүйене отырып осындай шешім қабылдадық», - деді ол.

Мұнымен қоса, бас мүфти 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн - қасиетті Қадір түні екенін мәлімдеді. 13 мамыр - Ораза айттың бірінші күні. Осы жылғы пітір садақа мөлшері жан басына 420 теңге болып белгіленді. Пітір садақа мөлшері барлық облыстағы 2 келі ұнның ең төменгі бағасымен өлшеніпті.

«Рамазанда ауыз бекіткен исі мұсылман баласы өзін ішіп-жеуден ғана шектемей, жаны мен тәнін жамандықтан сақтап, ізгілікке ұмтылады. Іс-әрекетін мұсылманға тән әдеп аясында орындауға тырысады. Өйткені, Рамазан – кез келген ізгі амалды риясыз ниетпен жасауға тәрбиелейтін, адамды тақуалыққа үйрететін ай. Аштық пен шөлге төзіп, Алла разылығын алуды шынайы ниет еткен адамға берілетін сый мен құрмет ерекше болмақ», - деді Наурызбай Қажы Тағанұлы.   

Ол хадистен келтірді:

Алла Тағала Құдси-хадисте: «Аузы берік адам ішіп-жеуін Мен үшін доғарды. Ораза – Мен және құлымның арасындағы ғибадат. Оған берілетін сыйды Мен ғана өлшеп, Мен беремін. Аузы берік құлымның аштық пен шөлдеу себебінен шыққан ауыз иісі Мен үшін миск әтірінен де қайырлы», – деген.

Бүгінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халқымызға «Ихсан ілімін» кеңінен насихаттап келеді. Ихсан – пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратын, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Бұл – әр амалды көркем түрде орындауға үйрететін ілім.

«Осы ретте рухани кемелдену айы – Рамазанда барынша әдепсіз әрекет пен қате-кемшіліктен арылып, тұлабойымызда көркем мінез құндылықтарын қалыптастыруға тырысқанымыз абзал», - деп үндеді қажы.

Рамазан айындағы санитарлық талаптар

Биылғы Рамазан айы да пандемия жағдайында өтеді. Жұқпалы дертті оқшаулану, сақтану арқылы ғана жеңуге болатынына көпшілік көз жеткізді.

ҚР мұсылмандары басқармасының өкілдері қазақстандықтарды ауызашар кезінде, құлшылық сәттерінде санитарлық талаптарды қатаң сақтауға шақырды. Денсаулық – бәрінен қымбат құндылық, Алланың адамзатқа берген аманаты.

«Осы орайда жасы алпыстан асқан аға-апаларымды ауыз бекітуден бұрын медициналық тексеруден өтіп, дәрігердің тиісті кеңесін алуға шақырамын. Егде жастағы және балиғатқа толмаған азаматтардан күрделі ахуал тұрақталғанша мешітке бармай, құлшылықты үйде орындауын сұраймыз», - деді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айында айтылатын уағыз-насихат, сұрақ-жауап жұмыстарын онлайн режимде жүргізуді жалғастырады. Құран хатым жасау рәсімдері де қашықтан оқылады.

«Интернет желісі арқылы сұраққа жауап алып, онлайн насихат тыңдап, үйден шықпай сауапты амалдарға ортақтасуға болады. Біз қазіргі жағдайды ескеріп, өткен жылы жүзеге асырған жобамыз бойынша пітір садақасы мен зекетті онлайн режимде берудің оңтайлы жолын тағы ұсынып отырмыз», - деп барынша оқшаулануға шақырды.    

Қасиетті айда қайырымдылық жасап, сауап алуды ниет еткісі келетін жандар ауызашар қораптарын еріктілер немесе мешіт қызметкерлері арқылы көмекке мұқтаж азаматтарға жеткізе алады. Діни басқарма Рамазан айында санитарлық талаптарды сақтай отырырып, қайырымдылық іс-шараларын жоспарлы түрде жүзеге асырады.

«Спутник V» вакцинасы харам емес

ҚР мұсылмандар басқармасының өкілдері журналистердің қойған сұрақтарына жауап беру барысында қазіргі таңда халыққа егіліп жатқан «Спутник V» вакцинасы халал екенін айтты.

«Спутник V» Вакцина бойынша біз Ресей мұсылмандары діни басқармасына сауал жолдап, шариғатқа қайшы келетін жануарлардан шыққан компоненттер мен т.б. заттар жоқ деген оң жауап алдық. Компоненттердің харам екендігі туралы ешқандай дәлел жоқ. Сондықтан біз «Спутник V» халал вакцинаға жатады деп санаймыз», – деді наиб-мүфти Ершат қажы Оңғар.

Бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы эпидахуалды ескере отырып, індеттің алдын алу, сақтану шараларын назарға алып құлшылық мәелесін үшке бөлінгенін айтты.

«Ең біріншісі Жасыл аймақ, Сары және қызыл аймақта орналасқан облыс, қалалар үшін Жұма, тарауих, ауызашар өткізудің тәртібіне тоқталдық. Ең бастысы індеттің алдын алу, сақтық шаралары қатаң ескерілді», - деді ол.

Жасыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар

Бес уақыт  намаз, жұма  намазы, тарауық  намазы мен  ауызашар  өткізудің  тəртібі:

Мешіт дəретханаларын қолдану барысында  арақашықтықты жəне сантитарлық талаптарды  сақтай отырып, мүмкіндігінше  тез дəрет алу;

Намаз оқитын залдардың  көлеміне қарай уақытымен  залалсыздандыру  жұмыстарын жүргізу;

Мешіттің кіреберісінде тұрған  антисептикалық құралдар  мен санитайзерлерді пайдалану;

Толтырылуы 30%, бірақ 50  орыннан аспайтын жағдайлар  сақталған кезде ауызашар  өткізу;

Тарауық намазында санитарлық  талаптарды сақтау, қысқа сүрелер оқу, ауа-райы қолайлы аймақтарда  мүмкіндігінше мешіт ауласында өткізу;

Тарауық намазы рұқсат  етілген мешіттерде Құран  хатымды (1 парадан асырмай  оқу) санитарлық талаптарды  сақтай отырып өткізу;

Мешіттерде намаз оқу (бес уақыт намаз, жұма намазы, тарауық намазы) бір адамға кемінде 4 шаршы метр есебінен қашықтық  сақталған жəне толтырылуы 30%-дан аспаған кезде жүзеге  асырылады;

Жасы үлкен кісілер,  денсаулығы нашар адамдар  (ер жəне əйел) жəне жас  балалар намаздарын  үйлерінде оқу;

Мешітке кіруге міндетті түрде бетперде болған жағдайда ғана рұқсат ету.

Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгертілуі мүмкін...

Мешітте Құран  оқытуға қатысты тəртіп:

Құран оқытуға  келушілер арасында  арақашықтықты сақтау  (10 адамнан артық  кіргізбеу);

Құран оқытуға келушілердің аралары 2 метр қашықтықты сақтау  жəне арнайы белгіленген  орындарға отыру;

Дін қызметкерлері мен  келушілерде міндетті  түрде бетперденің  болуын қадағалау;

Мешіт қызметкерлерін бір рет  қолданылатын медициналық  бетперделермен қамтамасыз ету;

Санитариялық-гигиеналық нормалардың  сақталуын қамтамасыз  ету;

Құран оқитын бөлмеге  кірмес бұрын  антисептикалық  құралдарды  пайдалану;

Əр 3 сағат сайын Құран  оқитын бөлмені желдетіп  отыру;

Қолды өңдеуге арналған дезинфекциялық  сулықтармен, тері антисептиктерімен,  дезинфекциялау құралдарымен  қамтамасыз ету.

Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеруі мүмкін.

Неке  бөлмелеріндегі  іс-шаралардың  жүзеге асу  тəртібі:

Неке бөлмесінде шариғат талаптарына сəйкес  куəгерлерден басқа  адамдардың болмауы  тиіс;

Неке қиюшылардың  аралары 2 метр  қашықтықты сақтау жəне  арнайы белгіленген  орындарға отыру;

Дін қызметкерлері мен  келушілерде міндетті түрде бетперденің  болуын қадағалау;

Неке қиып болған соң,  мүмкіндігінше мешіттен  тезірек шығу;

Неке қию бөлмесіне кірмес бұрын антисептикалық  құралдарды  пайдалану;

Əр 3 сағат сайын  неке залдарын  залалсыздандыру.

Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеріп отырады...

Сары аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар

Мешітте намаз  оқитын  орындарға,  ауызашарға  қатысты  тəртіп:

Тарауық намазында санитарлық  талаптарды сақтау, қысқа сүрелер оқу, ауа-райы қолайлы аймақтарда  мүмкіндігінше мешіт ауласында өткізу;

Мешітке келушілердің  бетпердемен келуін  қадағалау;

Мешіттерде намаз оқу (бес уақыт намаз, тарауық  намазы) бір адамға кемінде  4 шаршы метр есебінен  қашықтық сақталған жəне  толтырылуы 30%-дан  аспаған кезде жүзеге  асырылады;

Мешіттің кіреберісінде тұрған антисептикалық  құралдарды пайдалану;

Ораза ұстаған адамдарға мүмкіндігінше ауызашар  қоржынын жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру;

Мешіт дəретханаларын қолдану барысында  арақашықтықты жəне  сантитарлық талаптарды  сақтай отырып,  мүмкіндігінше тез  дəрет алу;

Намаз оқитын залдардың  көлеміне қарай, уақытымен  залалсыздандыру  жұмыстарын жүргізу;

Жасы үлкен кісілер,  денсаулығы нашар  адамдар (ер жəне əйел)  жəне жас балалар  намаздарын үйлерінде  оқу.

Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеріп отырады...

Неке  бөлмелеріндегі  іс-шаралардың  жүзеге асу  тəртібі:

Неке бөлмесінде шариғат  талаптарына сəйкес  куəгерлерден басқа  адамдардың болмауы  тиіс;

Неке қиюшылардың  аралары 2 метр  қашықтықты сақтау жəне  арнайы белгіленген  орындарға отыру;

Дін қызметкерлері мен  келушілерде міндетті  түрде бетперденің  болуын қадағалау;

Неке қиып болған соң,  мүмкіндігінше мешіттен  тезірек шығу;

Неке қию бөлмесіне кірмес бұрын  антисептикалық  құралдарды  пайдалану;

Əр 3 сағат сайын  неке залдарын  залалсыздандыру.

Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгертіледі...

Қызыл аймақта орналасқан мешіттерге қойылатын талаптар

Мешітте намаз  оқитын  орындарға,  ауызашарға  қатысты  тəртіп:

Бес уақыт намазды тек  жекелеген түрде оқу;

Намаз оқушылардың ара  қашықтығы 2 метр болып  арнайы белгіленген  орындарда оқу;

Намаз оқитын залдарда  имамдар жəне намаз  оқитын адамдар міндетті  түрде бетпердемен болу;

Ораза ұстаған адамдарға  мүмкіндігінше ауызашар қоржынын  жеткізіп беру арқылы ұйымдастыру;

Намаз оқып  болған соң, мүмкіндігінше мешіттен тезірек  шығу;

Жасы үлкен кісілер,  денсаулығы нашар  адамдар (ер жəне əйел)  жəне жас балалар  намаздарын үйлерінде  оқу;

Тарауық намазы  оқылмайды.

Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеріп отырады...

Неке бөлмелеріндегі  іс-шаралардың  жүзеге асу  тəртібі

Неке бөлмесінде шариғат  талаптарына сəйкес  куəгерлерден басқа  адамдардың болмауы  тиіс;

Неке қиюшылардың  аралары 2 метр  қашықтықты сақтау жəне  арнайы белгіленген  орындарға отыру;

Дін қызметкерлері мен  келушілерде міндетті  түрде бетперденің  болуын қадағалау;

Неке қиып болған соң,  мүмкіндігінше мешіттен  тезірек шығу;

Неке қию бөлмесіне  кірмес бұрын  антисептикалық  құралдарды  пайдалану;

Əр 3 сағат сайын  неке залдарын  залалсыздандыру.

Ескерту: Бұл талаптар жергілікті Бас санитарлық дəрігердің шешіміне сəйкес өзгеруі мүмкін.


Back to the list