• usd 0.00%
    426.99
  • eur 0.00%
    514.35
  • rub 0.00%
    5.72
  • gbp 0.00%
    594.2
  • cny 0.00%
    65.96
08.04.2021 11:05:13

Ақтоты Райымқұлованың сөзiнше, аталмыш заң жобасы Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 1 қыркүйекте алтыншы шақырылған Парламенттiң төртiншi сессиясының ашылуында берген тапсырмаларын орындау мақсатында әзiрленген. Бұл заң елдiң стратегиялық құжаттарына сәйкес туристiк саланы мемлекеттiк реттеудi жетiлдiруге, сондай-ақ ұзақмерзiмдi кезеңге арналған Қазақстанның экономикалық даму басымдықтарының бiрi ретiнде туризм саласын дамыту үшiн қажеттi құқықтық база құруға бағытталған.

Оның мәлiметiнше, заң жобасына бiрқатар өзгерiс пен толықтыру енгiзiлген.

Басым туристiк аумақ (БТА) ұғымын енгiзу

«Басым туристiк аумақ - туристiк картаның республикалық объектiлер тiзiмiне енгiзiлген, туристiк дамудың ерекше әлеуетi бар аумақ», - деп түсiндiрдi министр.

Министрдiң айтуынша, басым туристiк аумақ ресурстарды туризмдi дамытудың перспективалы нүктелерiнде шоғырландыру мақсатында құрылады. Сондай-ақ, бұл аумақта инвесторлар үшiн ерекше жеңiлдiктер және қазақстандықтардың елде демалуға бағытталған iлгерiлету шаралары қарастырылған

«Шетелдiк туристен туристiк алымын» жүйесiн енгiзу

«Әлемдiк тәжiрибенi ескере отырып, сонымен қатар iшкi және сыртқы туристiк нарықтарда аймақтық туристiк әлеуеттi iлгерiлету үшiн жергiлiктi бюджеттiң қосымша көздерiн табу мақсатында шетелдiк туристерден туристiк алым енгiзу және операторларды анықтау жоспарлануда», - дедi Ақтоты Райымқұлова.

Оның сөзiнше, туристiк алым мөлшерлемесiнiң өзiн мәслихат, ал төлеу тәртiбiн үкiмет бекiтедi.

Туризм саласындағы реттеу саясатын жетiлдiру және оны кәсiпкерлiк кодексiне сәйкестендiру

«Бұл туроператорлық қызметке лицензияны кiшi түрлерге бөлу (кiру туризмi саласында, iшкi және iшкi туризм саласында), сондай-ақ профилактикалық бақылауды келмей-ақ реттеу сияқты нормалар енгiзiледi», - дедi ол.

Сонымен қоса, министр туризм саласын мемлекеттiк қолдаудың жаңа шараларын енгiзуге байланысты уәкiлеттi және басқа мемлекеттiк органдарға төмендегiдей қосымша құзыреттер берiлетiнiн атап өттi.

- туристiк нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салуға кәсiпкерлiк субъектiлерi шығындарының бiр бөлiгiн өтеу;

- туристiк мақсаттарға арналған көлiк құралдары мен тау шаңғысы курорттарын дамытуға арналған жабдықтар алуға шығындардың бiр бөлiгiн өтеу;

- туристiк пакет шеңберiнде әрбiр келген шетелдiк турист үшiн туроператорларды субсидиялау;

- санитарлық-гигиеналық қондырғыларды күтуге арналған кәсiпкерлер шығындығындарын субсидиялау;

- туристiк пакет шеңберiнде ата-анасымен бiрге дем алатын 14 жасқа дейiнгi балаларға арналған ұшу билетi үшiн тасымалдау төлемiн өтеу;

«Бiздiң есептеулерiмiз бойынша, бұл шараларды жүзеге асыру экономикаға бюджеттiң қосымша кiрiсi түрiнде 135 млрд теңгенi тартуға, 170 мыңнан астам жұмыс орнын құруға және кем дегенде 1000 жобаны iске асыруға мүмкiндiк бередi», - дедi Ақтоты Райымқұлова.

Оның сөзiнше, осы нормалардың барлығы саланың дамуына оң әсерiн тигiзедi және инвестицияларды арттырудың тиiмдi механизмiне айналып, саланың жалпы iшкi өнiмдегi үлесiн 8 пайызға дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi. 

Сонымен қоса, сенат отырысына қатысқан сенатор Динар Нөкетаева туристiк қызмет саласындағы заңнаманы жетiлдiрумен қатар елiмiздiң сыртқы және iшкi туризмiн дамыту жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында әзiрленген. 

Оның дерегiнше, 2019 жылы елден шыққан туристер саны 8 млн-ның үстiнде болса, келушi туристер 6 млн-дай, iшкi туризмдегi демалушылар саны 5 млн-ға жуық болған. Пандемияға байланысты бұл көрсеткiштер 2020 жылы 3,5 есеге төмендеген.

«Туризм саласын дамыту туралы мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес, 2025 жылға жалпы iшкi өнiмнiң үлесiн 8 пайызға дейiн жеткiзу қажет. Осыған байланысты баяндамада атап өтiлгендей, қолданыстағы заңнамаларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлдi», - дедi министр.

Заң жобасы 2 кодекске, атап айтқанда ҚР Бюджет кодексiне, ҚР кәсiпкерлiк кодексiне, сонымен қоса 9 заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген.

Сонымен қоса, сенатор халықаралық сарапшылардың мәлiметтерiнше, Қазақстанның туристiк потенциалының төмендеу себептерiне тоқталды.

1)    туристтiк инфрақұрылымның мардымсыз сапасы;

2)    әуе қатынастарының толыққанды ашық еместiгi;

3)    жолдардың төмен сапасы;

4)    автомобильдердi жалдау бойынша компаниялардың   жеткiлiксiз саны;

5)    туризм саласындағы бiлiм сапасының төмен болуы.

Оның мәлiметiнше, заң жобасымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына бiрқатар бағыт бойынша түзетулер енгiзудi көздейдi. 

«Туристтiк қызмет объектiлерiнiң құрылысы және қайта жөнделуi мен жол бойындағы қызмет объектiлерiнiң құрылысы кезiндегi шығындарының, туристiк қызмет саласындағы кәсiпкерлiк субъектiлерiне сыйымдылығы кемiнде сегiз адам отыратын орны бар автокөлiк құралдарын сатып алу шығындарының бiр бөлiгiн өтеу, елдiмекендерден тыс жердегi туристердi орналастыру орындарына дейiнгi кiрме автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп-ұстау жөнiндегi шараларды жергiлiктi атқарушы орган арқылы жүзеге асыру», - дедi Динар Нөкетаева.

Сонымен қатар, шетел туристiн тарту бойынша туроператорлардың шығындарын субсидиялау, мәслихаттарға жергiлiктi бюджеттерге түсетiн туристтiк жарналардың ставкаларын бекiту бойынша өкiлеттiктер беру және iшкi және кiру туризмi саласындағы туроператорлардың қызметiн лицензиялауды реттеу мәселелерi бойынша түзетулер енгiзiледi.

«Осы енгiзiлiп отырған барлық нормалар Ұлан байтақ елiмiзде туризмдi дамыту үшiн барлық қажеттi мәдени, тарихи, географиялық және климаттық жағдайларды халқымыздың игiлiгi жолында тиiмдi пайдаланып, туризм саласын ел экономикасының дамуындағы маңызды саланың бiрiне айналуына мүмкiндiк беруiне сенiмдiмiн», - дедi ол.

Сонымен қатар, ол осы заң жобасына қолдау көрсету мультипликативтiк эффект нәтижесiнде туристiк нарықта аумақтарымыздың бәсекеге түсу әлеуетi жоғарылайды, туристiк кластерге кiретiн туристiк ұйымдардың тиiмдiлiгi артатынын атап өттi.

Ал, комитет хатшысы Нариман Төреғалиев заң жобасының негізгі міндеттеріне тоқталды.

Олар:

- реттеуші құралдарды оңтайландыру арқылы ішкі және келу туризмін дамытуды ынталандыру бойынша құқықтық жағдай жасау;

- туристік саланы мемлекеттік қолдау шараларын айқындау;

- оңтайлы талаптар белгілеу есебінен шығу туризмі қызметін реттеу.

Заң жобасымен Қазақстан Республикасының 2 кодексіне және 9 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына:

- республикалық маңызы бар қалалар, астана, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) мәслихаттарының құзыретін шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту жөніндегі функциямен;

- республикалық маңызы бар қала, астана әкімдігінің және аудандық (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктердің құзыретін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларының негізінде әзірленетін, шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемесін әзірлеу және тиісті мәслихатқа бекітуге ұсыну функцияларымен толықтыратын нормалар енгізілмек.

Сонымен қатар, оның сөзіне сүйенсек, «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына «сақтандыру сертификаты», «туризм инфрақұрылымы», «туристендіру картасы», «туристік агент», «туристік код», «туристік көрсетілетін қызметтерді өтеу», «туристік оператор», «шығу туризмі саласындағы туроператорлық қызмет», «ішкі туризм саласындағы туроператорлық қызмет» сияқты жаңа ұғымдар енгізіледі. 

Сондай-ақ туристік қызмет субъектілерінің тізбесін нақтылау жөніндегі және Қазақстан Республикасында туризмнің сыныпталуын айқындайтын нормалар енгізіледі. Сонымен қатар, басым туристік аумақтар субъектілерінің қызметін регламенттейтін және осы аумақтардың мақсатын айқындайтын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес преференцияларды көздейтін жаңа баптар  енгізіліп, Ішкі және келу туризмін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын ұйымның өкілеттігі айқындалады.

Бұдан басқа, ол «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына түзетулер енгізу көзделеді, оларға сәйкес туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган да ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында мемлекеттік басқаруды жүзеге асырылатынын атап өтті.

«Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы органның құзыреті белгіленеді. Табиғат қорғау мекемелерінің қаражатын қалыптастыру көздерін айқындайтын норма көзделген», - деді ол.

Сонымен қоса, «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында туристік операторлық қызметке берілетін лицензияны екі кіші түрге: шығу туризмі саласындағы; келу туризмі мен ішкі туризм саласындағы лицензияға бөлу  көзделеді.

Заң жобасынан күтілетін нәтижелер:

- туристік саладағы мемлекеттік реттеудің одан әрі жетілдірілуі;

- туристік қызмет саласындағы заңнама сапасының көтерілуі;

- инвестициялар тарту тетігі арқылы туристік саланы дамытуда оң серпіннің пайда болуы

«Баяндалғанды ескере келе, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитеті Сенат Регламентінің 58-тармағын басшылыққа ала отырып, Парламент Мәжілісі мақұлдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсынады», - деді комитет хатшысы. 

Бұдан бөлек, сенатор Ақылбек Күрiшбаев ұлттық парктердегi жан-жануарларға назар аударды. 

«Қаралып жатқан заң жобасына сәйкес басым туристiк аумақтар ұлттық парктердiң шегiнде болуы мүмкiн. Кезiнде Елбасының тапсырмасымен құрылған ерекше қорғалатын аумақтардың басты мiндетi болашақ ұрпағымызға мұра ретiнде табиғаттың болмысы мен биоалуантүрлiлiгiн сақтау болып табылады», - дедi ол.

Оның мәлiметiнше, Қазақстанда Қызыл кiтапқа енгiзiлген жабайы жануарлардың 40 түрi, құстардың 57 түрi мекендейдi. Бүгiнде климаттың өзгеруi, қауiптi аурулар, антропогендiк әсерлер олардың популяциясына кесiрiн тигiзуде.

«Мәселен, 70-жылдары бiзде шамамен 1 млн 300 мың киiк басы болса, ал қазiр олардың бар болғаны 334 мыңы ғана қалған. Оның үстiне киiктердiң әлемдiк популяциясының 90%-ы қазақ жерiнде мекендейтiнiн ескеруiмiз қажет. Яғни, Қазақстанда бұл киiктiң саны азайса, бүкiл әлемде азайады. Қазiр бiзде 4255 құлан, 14650 қарақұйрық, 18460 арқар және 914 тоғай кербұғысы қалып отыр»,- дедi депутат.

Оның сөзiнше, жабайы жануарлардың көптеген түрi (киiктер, құландар, қарақұйрықтар және т.б.) қоныс аударатын жануарлар түрлiне жатады. Сондықтан да, ол туристiк қызметтiң, атап айтсақ, шамадан тыс шу мен қозғалыстың, құрылыс нәтижесiнде табиғи ландшафттардың өзгеруi және басқада жасанды факторлар жануарлар әлемiнiң тыныштығын бұзып, стресс тудырмауы аса маңызды екенiн жеткiздi.

«Мысалы, жабайы жануарлардың көшiп-қонуы кезiнде жүрiп өтетiн жекелеген учаскелерде темiр жолдарын, автомагистральдарды салу кезiнде бiз экодук деп аталатын арнайы табиғи жағдайға жақын көпiр (эстакадалар) немесе жерасты өткелдерiн салуымыз керек едi. Өкiнiшке орай, ондай экодуктар еш жерде жасалмады, бұл жануарлар әлемiнiң экожүйесiне терiс әсерiн тигiзуде», - дедi Ақылбек Күрiшбаев.

Осылайша, ол ғалымдар мен эколог мамандардың қатысуымен ерекше қорғалатын аумақтарда туристiк қызметтi ұйымдастырудың ерекшелiктерi бойынша арнайы заңға тәуелдi құқықтық акт әзiрлеудi ұсынды.

Сенат айтылғандарды ескере келе, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне туристік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң қабылдады.


Back to the list