• usd 0.00%
    426.99
  • eur 0.00%
    514.35
  • rub 0.00%
    5.72
  • gbp 0.00%
    594.2
  • cny 0.00%
    65.96
07.04.2021 17:47:45

Қай өңiрлерде КВИ жұқтырғандар саны артты

Министр Алексей Цойдың дерегiнше, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Ақтөбе, Алматы облыстарында коронавирус жұқтырғандар саны артып келедi. Жалпы сырқаттанушылықтың 63% -ына дейiн Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларының және Алматы облысының тұрғындары қатарынан болып отыр, мұнда Алматы қаласында жұқтырғандарды тiркеу ақпан айында тәулiгiне 100 жағдайдан сәуiрде күнiне 600 жағдайға дейiн өстi. Нұр-Сұлтан қаласында ауру саны ақпан айында тәулiгiне 100 жағдайдан сәуiрде 500 жағдайға дейiн артқан. Алматы облысында ақпанда 70 жағдайдан тiркелсе, сәуiрде күнiне 270 жағдайға дейiн жетiп отыр.

8 өңiр қызыл аймақта

Эпидемиологиялық жағдайдың матрицасына сәйкес, Қазақстан Республикасы бiр аптадан берi жоғары қауiптi аймақта болды, яғни қызыл аймақта. Сондай-ақ, министрдiң айтуынша, жоғары қауiптi аймақта (қызыл аймақ) 8 аймақ бар: Алматы, Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды ​​және Алматы облыстары, соның iшiнде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары бiр айдан берi қызыл аймақта. Ал, Батыс Қазақстан облысы соңғы 20 күнде, Атырау облысы - соңғы 2 аптада, Ақтөбе және Алматы облыстарының қызыл аймаққа енгенiне бiр аптадан асты. Ал, Ақмола - 2 күн, Қарағанды ​​- 1 күннен берi қауiптi аймақ қатарына кiрдi. Сары аймақта - Шымкент. Қалған 8 өңiр жасыл аймақта орналасқан.

Эпидемиологиялық ахуал нашарлай бастаған сары және қызыл аймақтарға енген өңiрлерде, яғни Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Батыс Қазақстан және Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Ақмола және Алматы облыстарында қосымша шектеу шаралары қолданылуда. Олар адамдардың бiр-бiрiмен байланысын азайтуға және инфекцияның таралуына жол бермеуге бағытталған.

Медұйымдардың төсек-орындармен қамтылуы

Ағымдағы жылдың 7 сәуiрiндегi жағдай бойынша, республикада КВИ-мен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшiн 29 189 төсек-орынға арналған 276 жұқпалы аурулар ауруханалары тартылды. Жұқпалы аурулар ауруханаларының толымдылығы 36%-ды құрайды (10477 науқас), қарқынды терапия - 23%. Инфекциялық төсектердiң ең көп жүктемесi Нұр-Сұлтан қаласында (71%), Батыс Қазақстан облысында (68%), Алматы облысында (57%), Алматы қаласында (51%) байқалады.

«Министрлiк облыстағы әрбiр медициналық ұйым төсек-орын қорымен қамтылуын бақылаудың электронды жүйесiн жасады. Бұл бiзге уақтылы шаралар қабылдауға және қосымша ауруханаларды ашуға мүмкiндiк бередi», - дедi Алексей Цой.

Өңiрлерде қолданыстағы жұқпалы ауруханалардың жүктемесi 70%-ға жеткенде төсек-орындарды көбейту жоспарланған. Ол кезде жұқпалы төсек қоры 51 мыңнан 60 мыңға дейiн ұлғайтылады, сонымен қоса, резервтiк нысандар тартылады, жоспарланған мамандандырылған медициналық көмек көрсету жалғасады.

Вакцинациялау: сәуiрде 2 млн-нан астам доза жеткiзiлмек

Коронавирус инфекциясына қарсы егу жалғасуда. 1 сәуiрден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейтiлдi. Ведомство басшысының айтуынша, кестелердi жергiлiктi атқарушы органдар жасайды.

«Бүгiнгi күнi 217 070 азамат бiрiншi компонентпен, 79 541 азамат екiншi компонентпен вакцинацияланды. Республикадағы 1000 тұрғынға шаққандағы көрсеткiш 11,5 құрады. Соның iшiнде медициналық қызметкерлер - 40% (87 532 адам), мұғалiмдер - 17% (37 298), құқық қорғау органдарының қызметкерлерi - 7,7% (16 790), жеке құрам және Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының контингентi - 0,5% (1124), басқалары - 34% (74326)», - дедi Алексей Цой.

Министрдiң мәлiметiнше, сәуiр айында 2 миллионнан астам доза вакцина жеткiзiледi деп күтiлуде. Барлығы сәуiрде контингенттiң 23,4% қамту жоспарланған.

«Қазақстандағы өндiрушiлермен жүргiзiлiп жатқан келiссөздердi ескере отырып, бiрiншi жартыжылдықта вакциналардың 6 миллионнан астам дозасын алу жоспарланып отыр, бұл тақырыптық контингенттiң 64% -ын қамтиды», - дедi министр.

Бұл КВИ-ге қарсы вакцинацияланатын контингенттi және вакцинациялауды қалайтындарға екпенiң қолжетiмдiлiгiн барынша арттыруға мүмкiндiк бередi.

Сонымен қоса, министр адамдарды жаппай жиналатын ұйымдасқан топтарда және орындарда вакцинациялау үшiн жылжымалы вакцинациялау пункттерi ашылғанын атап өттi. Мысалы, Алматы қаласында жылжымалы вакцинация пункттерi қолданылады.

Вакцина алу үшiн қалай, қайда тiркеледi

Министрдiң айтуынша, эпидемиямен күресу мен iскерлiк белсендiлiктi сақтау арасындағы тепе-теңдiктi сақтау үшiн елiмiзде цифрлық технологиялар белсендi түрде енгiзiлмек. 

Вакцинацияланған адамдарды тiркеу және бақылау үшiн «Антиковидный паспорты» жасалды. Денсаулық сақтау министрлiгi 2021 жылы 8 сәуiрде «электронды үкiмет» порталында «Вакцина алуға тiркелу» қызметiн iске қосуды жоспарлап отыр. Ол үшiн азамат «электронды үкiмет» порталына кiрiп, өтiнiш беруi керек, мұнда тек тұрғылықты аймағындағы медициналық ұйымды көрсету қажет, содан кейiн медициналық ұйымға өтiнiш қарауға жiберiледi.

«Медициналық ұйым вакцинация уақытын көрсете отырып өтiнiштердi таратады. Таратқаннан кейiн азамат электронды үкiмет порталында медициналық ұйымға барудың күнi мен уақытын көредi және қосымша SMS хабарлама алады», - дедi министр.

Сондай-ақ, қолданыстағы кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң жұмыс iстеуiне мүмкiндiк берiп, шектеу шаралары енгiзiлген бизнес түрлерiн қалпына келтiрудi қамтамасыз ету үшiн Ashyq жобасын кеңiнен жүзеге асады.

Дәрiлiк заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету

Алексей Цойдың мәлiметiнше, бүгiнде елiмiз дәрi-дәрмектермен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қажеттi көлемде толық қамтамасыз етiлген.

Ауруханаларда КВИ-дi емдеуге арналған дәрi-дәрмектердiң ай сайынғы қоры, «Фармация» СК қоймаларында және дәрiханаларда екi айлық қор қалыптасқан. Барлық аймақтарда 18 миллиард теңгеге дәрi-дәрмектердi тұрақтандыру қорлары құрылды.

Ауруханалар мен дәрiханаларға жүктеменi азайту мақсатында амбулаториялық жағдайда КВИ-дi емдеуге арналған 5 дәрi-дәрмек түрi тамыз айынан бастап тегiн берiлiп жатыр. Сонымен қоса, Бәсекелестiктi қорғау және дамыту агенттiгiмен бiрлескен жұмыс жүргiзiлiп, нәтижесiнде коронавирусты емдеуге арналған 232 дәрi-дәрмектiң бағасы орта есеппен 27%-ға төмендедi. Медициналық маскалардың бағасы - 20 теңгеден. Сонымен қоса, қоймаларда 21,5 миллион дана жеткiлiктi қор қалыптасқан. Медициналық ұйымдар жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтамасыз етiлген, облыс әкiмдiктерi 3 айлық қор құрды.

«Әлемдегi және бiздiң елдегi күрделi эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, мен тұрғындарды өз денсаулығын сақтау үшiн жауапкершiлiктi сезiнуге және тiркелген жерiндегi емханаларда вакцина алуға шақырамын», - дедi министр.

Сонымен қоса, Алексей Цой вакцинациялау вирустың таралуын азайтудың жалғыз әдiсi екенiн еске салып, вакцинаға қарсы көрсетiлiмдерi жоқ әрбiр қазақстандықты бас тартпауға және вакцина алуға шақырды.

Айта кетейiк, Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен әлемнiң барлық елдерi жыл сайын 7 сәуiрде Дүниежүзiлiк денсаулық күнiн атап өтедi. Жыл сайын бұл дата белгiлi бiр өзектi тақырыпқа арналады. 2021 Дүниежүзiлiк денсаулық күнiнiң ұраны - «Денi сау әлем құру». Сонымен қатар, ДДҰ-ның қамқорлығымен 2021 Халықаралық денсаулық және әлеуметтiк қызметкерлер жылы деп жарияланды.


Back to the list