• usd 0.00%
    426.99
  • eur 0.00%
    514.35
  • rub 0.00%
    5.72
  • gbp 0.00%
    594.2
  • cny 0.00%
    65.96
07.04.2021 16:05:04

Әйгерім Ардаққызы, бүгінге дейін қанша елордалық вакцина салдырды?

7 сәуірдегі жағдай бойынша 19 мыңнан аса елорда тұрғыны коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасын салдырды.

Ал медицина қызметкерлері вакцинаны толық алды деп айта аласыз ба?

Медицина ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді вакцинациялау жұмысы әлі де жалғасып жатыр. Бүгінге дейін 6000 дәрігер екпе салдырды.

Өзіңіз екпе салдырдыңыз ба?

Иа, мен екпе салдырдым. Осы салада жұмыс істеп жүргеннен кейін, вакцинаның маңыздылығын толық түсінем. Жақындарыма да вакцина салу қауіпсіздігіміздің бірден бір кепілі екенін айтып жүрмін.

Қандай әсері болды?

Менде жанама әсерлер болған жоқ. Екпе салғаннан дәрігердің қарауында болдым. Қазір жағдайым жақсы.

Күніне қанша адам вакцина салдырады?

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласында күніне 2500 адам вакцинацияланады. Егер вакцина жеткілікті болса күніне 8000 адамға дейін вакцинациялау жоспарлануда.

Екпе салу пункттерінің саны жөнінде не айта аласыз? Сауда орталықтарында екпе салдыру мүмкін бе?

Қазіргі уақытта екпе салу пункттерінің санын 36-дан 100-ге дейін көбейді. Осы аптада сауда орталықтарында екпе пункттерін дайындау жұмыстары аяқталады. «Mega Silk Way» және «Хан Шатыр» сауда орталықтарында екпе пункттері ашылады. Кейінірек «Абу Даби Плаза» сауда орталығында ашылады. Екпе салдыру уақыты таңғы 8-ден түнгі 00.00-ге дейін ұзартылды. Демек, түнге дейін екпе салу мүмкіндігі бар.

Вакцина салғызушы нені ескеру керек?

Вакциина салғысы келетін адам арнайы қауіп-қатер тобына жатпайтынына көз жеткізу керек. Жүкті, емізулі, созылмалы ауруы бар немесе 18 жасқа толмаған болса, вакцина салғызбайды. Уческелік дәрігерге немесе Damumed мобильді қосымшасы арқылы вакцина алу кезегіне жазылады. Қазір емдік мекемелерде жергілікті халықтың санына қарай жоспар жасалып жатыр. Сол жоспар бойынша кезегіңіз келгенде сізді шақырады. Телефон арқылы немесе WhatsApp хабарлама арқылы байланысқа шығады. Тізімге алынып, кезекке жазады. Белгіленген уақыттан кешікпеу өте маңызды. Себебі вакцина флаконын ашқаннан кейін 2 сағаттың ішінде ол ағзаға жіберіледі. Егер 2 сағаттан артық уақыт өтіп кетсе, ол вакцина жарамсыз. Сондықтан дәрігерлер оны жойып тастайды.

Вакцина салушы қандай да бір құжаттар толтыра ма?

Бір ғана құжат бар. Ол вакцина салушының ерікті түрде екпе алуға келісім бергені жайында қолхат.

«Спутник V» қалай салынады?

Бұған дейін айтылғандай, бұл вакцина екі компоненттен тұрады. Демек, екі кезеңмен салынады. Екі кезеңнің арасы тура 21 күн. 60 күнге дейін салыну керек. Дәрігер мамандардың соңғы зерттеу жұмыстарынна сүйенсек, бірінші жасаған вакцинадан кейін 60 күн бойы ағзада антидене болады. «Спутник V» вакцинасы иық бұлшықетіне салынады. Вакцина бір реттік шприцпен егіледі. Бір құтыда 3 мл вакцина бар. Сонда 0,5 миллилитрден дегенде 6 доза болады. 6 доза 5 адамға егіледі. Себебі, дозаны тартқан сайын шприцтегі артық ауаны шығару үшін дозаның бір бөлігі де шығып кетеді.

Екпеден соң қанша уақытта үйге баруға рұқсат?

Емшара кабинетінде дәрігер, медбике және вакцина алушы болады. Вакцина алғаннан соң емхана аумағында 30 минут болу керек. Дәрігер вакцина салған адамның жағдайын бақылайды. Екпе салынғаннан кейін ине кірген орынға бактерия түсіп кетпеуі спирттік салфетка немесе арнайы пластырьмен басып қояды. Вакцина салынған адамдарға екпе алғанын растайтын арнайы бейдж тағылады. 30 минут ішінде бәрі дұрыс болса, үйге баруға рұқсат. Вакцина салғаннан кейін үш тәулік медицина қызметкері хабарласып жағдай сұрап тұрады.

Әйгерім Ардаққызы, пайдалы сұхбат үшін рақмет!

5-1.jpeg

6-1.jpeg

7-1-1.jpeg

8-1.jpeg

9-1.jpeg

10-1.jpeg





Back to the list