21.10.2019 11:03:25

 Жаңа сервис «Бір белдеу – Бір жол» бастамасы шеңберіндегі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Шаньси провинциясы халықтық үкіметі арасындағы қол жеткізілген келісімді жүзеге асыру болып табылады. 

 42 қырықфуттық электроникалы контейнерлерден тұратын пойыз жүретін жолында он елдің аумағын басып өтіп, 8500 шақырым қашықтықты  20 күнде енсереді. Қазақстан аумағы бойынша пойыз 72 сағат жүріп өтті. 

 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының логистика жөніндегі орынбасары П.Соколов аталған сервисті құрған қатысушы барлық тарапқа алғысын жеткізіп, Қазақстан, Әзірбайжан, Түркия ТЖ әкімшіліктерінің, сондай-ақ аталған бағыт бойынша пойызды ұйымдастырған қытайлық тараптың, бұл жаңа контейнерлік пойызды іске қосуы стратегиялық ынтымақтастықтың үлгісі болып табылатындығын атап көрсетті.  

 «Біз ары қарай да тасымал бағыттарын кеңейту және көрсетілетін сервис сапасын жақсартуда әріптестерімізбен белсенді жұмыс істейміз. Бұл ҚТЖ қызметінің стратегиялық бағыты болып табылады және Қазақстанның транзиттік әлеуетін пайдалануға бағытталған»,- деді Соколов. 

 Ағымдағы жылдың 9 айында Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКТ) бойынша «ҚТЖ» ҰК» АҚ тасымалының өсімі 67% құрады. 

ТХКБ бойынша  «Казмотрансфлот» ҰТКҚ» ЖШС бірлесе Ақтаудан Бакуге және кері бағытта апталық жөнелтіліммен тұрақты фидерлік контейнерлік желіні іске қосу өсімнің маңызды факторы болды.  

Баспасөз қызметі хабарлағандай, сервис Қазақстан экспортшыларына өз өнімдерін Әзірбайжан, Грузия, Түркия, сондай-ақ Қара және Жерорта теңізі порттарына жеткізу үшін аталған бағыт мүмкіндігін пайдалануды қамтамасыз етті.  


Back to the list