18.10.2019 16:02:05

"Chukurova" компаниялар тобының директоры Иса Доганалы форум аясында бірқатар меморандумдарға қол қойылғанын жеткізді.

"Біз бүгін "Aitas kz” АҚ-мен меморандумға қол қойдық. Макинск қаласында алдағы 5 жыл бойы жұмыс істеуге келістік. Жобаны жүзеге асыру 4 кезеңнен тұрады. Алдымен, картон кіргізіледі. Кейінгі кезеңдерде кавро-картон жасайтын көліктер әкелінеді.5 жылдан кейін 500 адам жұмысқа орналасады. Жобаның құны 40 млн долларды құрайды",-деді ол.

Сондай-ақ, бас директор жобаны жүзеге асыру бірнеше айдан кейін басталатынын жеткізді.

"Жоспар бойынша келесі жылдан бастап қондырғылар жеткізіледі. Қазақстан ет, азық-түлік,көкөніс өндіреді. Алайда, оны тасымалдайтын қаптама шығармайды. Өнімдерді тасымалдау үшін аталған зауыт ашылады",- деді ол.

Оның айтуынша, бұл аталған түрік компаниясының Қазақстанда жүзеге асырылғалы тұрған алғашқы жобасы.

"Бұл менің Қазақстанға жетінші мәрте келуім. Алайда, тек биыл ғана жолымыз болып,бірлескен жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі туды. Жоба сәтті болады деген үміттеміз",-деді Иса Доганалы.

Айта кетейік, форум барысында нақты айтары бар спикерлер жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, ет кластерінде кездесетін қиындықтар, қой, құс етін өндіру және сатуды ұйымдастыру, халықаралық байланыс және басқа да мәселелерді талқыға салды.

Аягөз Құрмаш


Back to the list