18.10.2019 14:54:55

Сессия Astana Hub IT-стартаптарының халықаралық технопаркінде өтеді және 5 CDO Open Talks деп аталады. CDO немесе Chief Digital Officer-сандық трансформацияға жауап беретін менеджерлерді атаймыз.

"Сессияның 90 минуты нарықпен ынтымақтастықтың табысты тәжірибесін де, сондай-ақ бүгін мемлекет алдында тұрған қиындықтарды талқылауға арналады. Вице-министрлер IT-қоғамдастықпен бірлесіп сандық жобаларды іске асыруда мемлекеттік органдардың ІТ-нарығымен ынтымақтастығының табысты кейстерін талқылайды, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасының ағымдағы жобаларын іске асырудың қиындығы неде және ІТ-нарық мемлекетке қалай көмектесе алады деп жоспарлануда", делінген хабарламада.

Форум ұйымдастырушылары хабарлағандай, қатысушылар вице-министрлерге кез келген сұрақтар қойып, сандық шешімдер арқылы азаматтардың өмірін жақсарту туралы идеялармен бөлісе алады. Іс-шараға тіркелу форум сайтында ашық: http://digitalbridge.kz/5cdoopentalks.
 
 24-25 қазанда Нұр-Сұлтанда Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы - медиа және мәдениет салаларындағы идеялармен алмасу алаңы өтетінін еске саламыз. Digital Bridge - бұл тәжірибе алмасу, инновациялық шешімдерді талқылау, сондай-ақ Орталық Азия мен басқа әлем арасында сандық көпір құру үшін өткізілетін интернет-компаниялар, технологиялық кәсіпкерлер, венчурлік инвесторлар, бизнес періштелер, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, корпорациялар, IT-мамандар, блогерлер мен сандық БАҚ үшін жыл сайынғы өткізілетін форум.

Форум аясында бірнеше сессиялар өткізу жоспарлануда, олардың арасында Next Tech Entrepreneur Forum, Digital Qazaqstan Forum, QazTech Forum, Astana Hub Battle және Astana Hub Awards. Іс-шараны ұйымдастырушылар - "Зерде "ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ мен Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі және Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Форум "Қазақтелеком" АҚ, ERG және BTS Digital қолдауымен өткізіледі.


Back to the list