10.04.2014
Астанада жас ғалымдарға арналған Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді
ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жас ғалысмдарға арналған «Зияткерлік көшбасшылық: дамудың жаңа бағыттары» атты I Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
10.04.2014
Астанада 2013 жылға арналған қауіпсіздік және еңбекті қорғау республикалық байқауы қорытындыланды
Бүгін ҚР Кәсіподақтар федерациясы 2013 жылға арналған қауіпсіздік және еңбекті қорғау республикалық қоғамдық байқауды қорытындылап, жүзден жүйріктерді марапаттады.
10.04.2014
Шығыс Қазақстан облысында ауыл туризмін дамыту жоспарлануда
Шығыс Қазақстан облысында 2014-2016 жылдары Еуроодақтың қолдауымен ауыл туризмін дамыту мақсатында «Алтын Алтай - аймақты дамытудағы байлық» жобасы жүзеге асырылады.
10.04.2014
Жергілікті қамту ұлттық агенттігі «Ұлттық бренд-2014» көрмесін өткізуді жоспарлауда
Жыл сайынғы «NADLoC жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» қазақстандық қамтудың форум-көрмесі аясында «Ұлттық бренд-2014» көрмесін өткізу жоспарланған. Бұл туралы бүгін «Қазақстандық өнім жасаймыз!» V мерейтойлық форумында «NADLoC жергілікті қамтуды дамыту ұлттық агенттігі» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Бектүргенов мәлімдеді.
10.04.2014
Қазақстанда Беларусь Республикасының Мәдени күндері өтеді
2014 жылдың 10-12 сәуіріндегі ауқымды мәдени шаралардың бірі Қазақстандағы Беларусь Республикасының Мәдени күндері болмақ. Ол Беларусь елінде 2013 жылдың қазанында өткен Қазақстанның мәдени күндеріне жауап ретінде ұйымдастырылмақ.