11.04.2014
Қазақстанда ғылымды басқарудың жаңа моделі іске қосылды – БҒМ
12 сәуірде Қазақстанның ғылыми көпшілігі өздерінің кәсіби мерекелері – ғылым қызметкерлері күнін атап өтеді. Білім және ғылым министрлігі 2014 жылдың 11-12 сәуірінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету және «Қазақстан-2050» Стратегиясы шеңберінде ғылымның ары қарай даму болашағын анықтау үшін республиканың ғылыми саласын дамытудың күн тәртібіндегі мәселелерін талқылауға бағытталған бірқатар шараларды өткізеді.
11.04.2014
Қазақстанда 3 айдың ішінде 9,3 мың мүгедек жұмысқа орналастырылды - ЕХӘҚМ
2014 жылдың бірінші қатарындағы жағдай бойынша ҚР-да нәпақасын тауып жүрген кембағал жандар саны 81 мың болды. Ал, сәуірдің 1-не сәйкес жағдай бойынша олардың саны 9,3 мың адамға артып, 90,3 мың жарымжанды құрады.
11.04.2014
Қазақстан «Заманауи жібек жолы» туристік өнімін құру бағдарламасының үйлестірушісі болады
ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев бастаған қазақстандық делегаттар туризм саласындағы түркі тілдес елдердің әріптестік кеңесінің жұмыс тобының екінші кездесуіне қатысты.
11.04.2014
«Әбу-Даби Плаза» кешеніне тапсырыс берушілер жобадағы қазақстандық қамту үлесін арттыруға ниетті
ҚР ИЖТМ Қазақстандық қамтуды дамыту агеттігінде («NADLoC» АҚ) «Әбу-Даби Плаза» көпфункционалды кешеніне тапсырыс берушісі - «АЛДАР ЕУРОАЗИЯ» ЖШС кездесу өтті. Тараптар жобадағы қазақстандық қамту үлесін арттыру мүмкіндіктерін талқылады.
11.04.2014
«Мамандарды мектеп қабырғасынан дайындаймыз» жобасы аясында Қызылорда оқушылары қала кәсіпкерліктерін аралауда
Қызылорда облысы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының білім беру басқармасымен бірігіп ұйымдастырған «Мамандарды мектеп қабырғасынан дайындаймыз» жобасы аясында Қызылорда оқушылары «Сыр жиһазы» фабрикасын аралады.