11.04.2014
ҚР-да мемқызметкерлердің біліктілігін арттыруды жетілдіретін кеңес құрылды
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру, қайта дайындау және ұйымдастыру жұмыстарын жетілдіру бойынша үйлестіретін кеңес құрылды.
11.04.2014
ҚР-да кәсіпкерлік қызмет бойынша 2020 жылға дейінгі мемлекеттік реттеу Концепциясын қабылдайды
Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Ұлттық инвесторлар кеңесі барысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев ҚР-да кәсіпкерлік қызметі бойынша 2020 жылға дейінгі мемлекеттік реттеу Концепциясын қабылдайтындығын айтты.
11.04.2014
Астанада қоғамдық тамақтану нысандарын ЭКСПО халықаралық көрмесіне дайындайды
Астанада 15 сәуірден 31 мамырға дейін «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге дайындалуға байланысты қоғамдық тамақтану нысандарын түгендеу жүргізіледі. Бұл туралы бүгін Сарыарқа ауданы әкімдігінің өкілдерімен, «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық жүргізу және оны өткізу дирекциясы» ЖШС және қызметтер саласындағы шағын бизнес өкілдерімен кездесуде мәлім болды.
11.04.2014
Қалған 150-ден астам рұқсаттама құжат 2014 жылдың соңына дейін автоматтандырылады – Б.Сағынтаев
Қалған 150-ден астам рұқсаттама құжаттары «Рұқсаттама және ескерту туралы» заң жобасның аясында 2014 жылдың соңына дейін автоматтандырылады. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысның төрағалығымен өткен Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырыснда ҚР Премьер-Министрінің б ірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.
11.04.2014
Ақордада Н.Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесі өтуде
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Ұлттық инвесторлар кеңесі өтуде. Келелі кеңес барысында отандық кәсіпкерлікті дамытудағы маңызды мәселелер талқыланатын болады.