14.04.2014
Е.Досаев: 2014 жылы ШОБ жобаларын қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінеді
2014 жылы ШОБ жобаларын қаржыландыруға 100 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.
14.04.2014
«Самұрық-Қазына» 16 бейінді емес актив пен 19 бейінді емес нысанды 2014-2015 жылдар аралығында жүзеге асырады
2014-2015 жылдар аралығында «Самырұқ-Қазына» бейінді емес 16 активті және 19 бейінді емес нысанды жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен брифингте «Самырұқ-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлім етті.
14.04.2014
ҚР мен Ресей Федерациясы арасында ТЖ-ны ескерту туралы хаттаманы ратификациялау Заңына қол қойылды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
14.04.2014
«Самұрық-Қазына» АҚ «Ардагерлер ұйымы» РҚБ-мен әріптестік туралы меморандумға қол қойды
Қазақстан Респубикасында Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығына дайындалу мен өткізу аясында «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері ҰОС ардагерлері және «Ардагерлер ұйымы» респубикалық қоғамдық бірлестігі жетекшілерімен кездесті.
14.04.2014
2014 жылдың шілде айына дейін жергілікті жобаларды қаржыландыру артады
2014 жылдың шілде айына дейін жергілікті жобаларды қаржыландыру артады. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәлімдеді.