19.04.2014
БҚО-да «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша 130 км су құбыры салынады
Батыс Қазақстан облысында «Ақ бұлақ» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 130 км су құбыры салынады, 2014 жылы республикалық бюджеттен ол үшін 1 054,2 млн теңге бөлінді.
19.04.2014
Қазақстанда республикалық экологиялық акция өтті
Қазақстанда ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен «Орнықты даму» Жер Қоры» қоғамдық ұйымы ұйымдастырған «Ұлттық орман отырғызу күні» атты республикалық экологиялық акциясы өтті.
19.04.2014
Е. Нысанбаев: ҚР мен ҚХР 2016 жылы Іле мен Ертіс өзендерін қорғау туралы келісімге қол қояды
Қазақстан мен Қытай 2016 жылы Іле мен Ертіс өзендерін қорғау және бірлесіп су қолдану туралы келісімге қол қояды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді.
19.04.2014
Жалпықалалық сенбілікке 100 мыңға жуық астаналық қатысты
Бүгін Астанада көктемгі жалпы қалалық сенбілігіне қатысу үшін 93 мыңнан астам адам көшелерге шықты. Жыл сайынғы іс-шара экологиялық айлық аясында өткізіліп жатыр. Оған қала тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, білім, денсаулық сақтау қызметкерлері, кәсіпкерлер, Астана жастары белсенді қатысты.
19.04.2014
Қазақстанда су қоймаларының құрылысы мен егін шаруашылығын жаңғыртуға 1,5 трлн теңге бөлінді –Е. Нысанбаев
Қазақстанда су қоймаларының құрылысы мен егін шаруашылығын жаңғыртуға 1,5 трлн теңге бөлінді. Бұл туралы Қоршаған орта және ресурстарының вице-министрі Ерлан Нысанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында мәлімдеді.