23.04.2014
Қазақстан мен Марокко парламентаралық диалогты нығайтуда
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға ресми сапармен келген Марокко Корольдігі Парламенті Кеңесшілері палатасының Төрағасы Мұхаммад Аш-Шейх Биядилламен кездесті.
23.04.2014
Е. Ыдырысов Иран мен Түрікменстан СІМ басшыларымен екіжақты ынтымақтастықты талқылады
Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Иран және Түрікменстан сыртқы саяси ведомство басшыларымен Мәскеуде өткен Каспий теңізі мемлекеттерінің конференциясында екіжақты ынтымақтастықты талқылады.
23.04.2014
Каспий теңізі жағалауы елдерінің Сыртқы істер министрлері саммитке дайындық мәселесін талқылады
Мәскеуде Каспий теңізі елдері Сыртқы істер министрлерінің Конференциясы өтіп, оның барысында тараптар ағымдағы жылдың қыркүйегінде Астраханьда өтетін Төртінші каспийлік саммитке дайындықтар бойынша жұмыстардың алдын-ала қорытындыларын жасады.
23.04.2014
Б. Байбек Тәжікстанның Халықтық-Демократиялық партиясының делегациясымен кездесті
Тәжікстанның Халықтық-Демократиялық партиясы Қазақстанға сапары аясында түске дейін ҚР Тұңғыш Президентінің Мұражайында және «Нұр Отан» партиясы Республикалық Қоғамдық қабылдау бөлмесінде болып, онда оларға «Электрондық» партия» жобасы, сондай-ақ, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жаңа жұмыс қалыбы таныстырылды. Сондай-ақ, ТХДП делегациясы Ұлттық ғылыми медициналық орталығының жұмысымен танысты.
Күннің екінші жартысында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекпен кездесу өтіп, партияаралық өзара қарым-қатынасты нығайту мәселелері талқыланды.
23.04.2014
Прагматизм мен Стратегияның іскерлік рухы әлем адамдарының құлшынысын арттыруы тиіс – Э. Тарауне
Иордания университетінің ректоры, профессор Эхлейф Тарауне Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа жазған хатында ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына баға берді.