12.05.2014
Украиндық әріптестер Қазғарышты «KazEOSat-1» сәтті ұшырылуымен құттықтады
Жақында Қазғарыш төрағасының атына украиндық зымыран-ғарыштық техниканы құрастырушы кәсіпорны - «Южное» Конструкторлық бюро» МК бас директоры А.В. Дегтяревтен Жерді қашықтықтан зондаудың алғашқы қазақстандық спутнигінің сәтті ұшырылуына байланысты құттықтау келді.
12.05.2014
ЭБЖМ инвестициялық келісім құру механизмдерін қайта қарауды ұсынады (Брифинг бейнебаяны)
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР ЭБЖМ халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бакенов ЭБЖМ Кедендік одақ аясында инвесторлармен келісім құру механизмін қайта қарауды ұсынатынын айтты.
12.05.2014
Астанада 15 мамырдан бастап кеме жүзу маусымы ашылады (ФОТО)
Есіл өзенінде 2014 жылы 15 мамырда кеме жүзу маусымы ашылады. Салтанатты рәсімге Мүгедек балаларға арналған интернат үйінің тәрбиеленушілері, ҰОС ардагерлері және астананың құрметті қонақтары қатысады.
12.05.2014
Е.Бакенов: КО құрылғалы Қазақстанның тауар айналымы 88%-ға өсті
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде халықаралық экономикалық интеграция департаментінің директоры Ернар Бакенов КО жұмыс істей бастаған уақыттан бері қатысушы елдердің арасындағы тауар айналымы 88%-ға артқанын мәлімдеді.
12.05.2014
Ақмола облысының Ақкөл қаласы Балаларды қорғау күніне дайындалуда
«Тұрақты даму» жер қоры қалалық әкімдіктің қолдауымен биыл халықаралық балаларды қорғау күнін тойлаудың үлкен бағдарламасын дайындады.