14.05.2014
VII АЭФ аясында бірқатар ірі көрме өтеді – С.Нөгербеков
VII Астана экономикалық форумы аясында индустриалды-инновациялық блокқа арналған бірқатар ірі көрме өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының тең төрағасы Серік Нөгербеков мәлімдеді.
14.05.2014
30-ға жуық агрокәсіпорынның несиелері мемлекет есебінен арзандатылады
«Қазагромаркетинг» АҚ 28 агрокәсіпорынның несие мен лизингісінің сыйақы мөлшерлемелерін арзандатпақ.
14.05.2014
Астанада «Экология бойынша балалардың бизнес жобалары» байқауы қатысушыларының көрмесі өтуде (ФОТО)
Бүгін Астанада «Экология бойынша балалардың бизнес жобалары» VIII Республикалық байқауының үздік жобаларының көрмесі өтуде.
14.05.2014
Астанада БҰҰ елдері үшін әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар дайындалады
Астанада II Дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференция аясында БҰҰ елдері үшін әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар дайындалуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз отырысында «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының тең төрағасы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Нөгербеков мәлімдеді.
14.05.2014
Астана экономикалық форумына әлемнің 150 елінен 3 мың делегат қатысады (Брифинг бейнебаяны)
VII Астана экономикалық форумының жұмысына әлемнің 150 елінен 3 мыңнан астам делегат қатысады, деп мәлімдеді бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы» қауымдастығының тең төрағасы Серік Нөгербеков.