16.05.2014
Маңғыстау облысында өндіріс пен кәсіби техникалық мекемелері арасында байланыс қалыптасқан
Мәжілістегі «Экономика салаларына арналған техникалық және кәсіби, жоғарғы білім беру жүйесіндегі маман дайындау сапасы мен болашағы туралы» парламенттік тыңдалымда сөз алған Маңғыстау облысы әкімі Алик Айдарбаев оқу орындары мен кәсіпкерлік ынтымақтастығының тиімділігі туралы өңірде қалыптасқан тәжірибемен бөлісті.
16.05.2014
Қазақстанда жұмысшыларды сертификаттайтын 6 орталық ашылады – А.Сәрінжіпов
ҚР Білім және ғылым министрлігі биыл жұмыс берушілер жанынан жұмыскерлерді сертификаттайтын 6 орталық ашылады, деп ведомство басшысы Аслан Сәрінжіпов мамандарды дайындау сапасы мәселелері бойынша парламенттік тыңдалым барысында мәлімдеді.
16.05.2014
КО елдерінің шекарасы үш елдің экономикасы үшін ашық– Т.Доскенов (Брифинг бейнебаяны)
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиум мүшесі Талғат Доскенов Кедендік одақ елдері шекарасының үш ел экономикасы үшін барынша ашыла түскенін айтты.
16.05.2014
Жоғары білімді ықпалдастыру жоспарлануда - Г.Әбдіхалықова
Қазақстанның жоғарғы білім саласының білім беру, ғылыми және инновациялық қызметін интеграциялау жоспарлануда, деп мамандарды даярлау сапасына арналған парламентік тыңдауда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова мәлім етті.
16.05.2014
Үкімет кадр қажеттілігін анықтаудың жаңа әдістемесін қабылдайды
Қазақстан Үкіметі бірінші жарты жылдықта кадр қажеттілігін анықтаудың жаңа әдістемесін қабылдайды, деп Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова кадр дайындау мен оның сапасы бойынша өткен парламенттік тыңдалымда мәлімдеді.