16.05.2014
Қырғызстанның КО-ға қосылуының Жол картасы Астанада талқыланды
Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтің Қырғыз Республикасының экономика министрі Темір Сариевпен кездесуі өтті.
16.05.2014
Елбасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңға қол қойды
Мемлекет басшысы жеке кәсіпкерлік субъектілері және өзге де тұлғалар жүзеге асыратын жекелеген қызмет түрлеріне рұқсат беру және хабарлау тәртібін енгізумен байланысты, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған «Рұқсаттар және хабарламалар» туралы Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
16.05.2014
Жер қойнауын пайдаланушы мамандарды даярлауда міндеттемелерді арттыру керек
Бұл ұсынысты бүгін парламенттік тыңдауда Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев жасады. Оның айтуынша, заңнамада көрсетілген жер қойнауын пайдаланушылардың мамандарын даярлаудағы міндеттемелерді арттырған жөн.
16.05.2014
Т. Доскенов:Басты міндет - ЕАЭО-ның жаңа Кедендік кодексін дайындау
Басты міндет – ЕАЭО-ның жаңа Кедендік кодексін дайындау. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиум мүшесі Талғат Доскенов мәлімдеді.
16.05.2014
ЕЭК қазақстандық дипломның дәрежесін тексереді – Т.Доскенов
ЕЭК ЕАЭО аумағындағы қазақстандық дипломның дәрежесін қарайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиум мүшесі Талғат Доскенов мәлімдеді.