21.05.2014
«ЭКСПО-2017» ұйымдастыру комитеті әріптестік туралы жаңа меморандумға қол қойды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, «Жасыл» экономика мен G-Global даму» коалициясы және Ғалымдардың еуразиялық экономикалық клубы әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.
21.05.2014
Әлеуметтік ынтымақтастық үшін жаһандық қауіпсіздік түсінігі ауадай қажет – Х. Конколевски
Бүгін АЭФ аясындағы әлеуметтік серіктестік мәселелеріне арналған панельді сессия барысында халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының бас хатшысы Ханс-хорст Конколевски әлеуметтік қауіпсіздіктің жаһандық түсінігі әлеуметтік ынтымақтастық үшін ауадай қажет екендігін атап өтті.
21.05.2014
Қазақстан мен Грузия ынтымақтастық туралы Хаттама жобасына қол қойды (ФОТО)
Бүгін VII Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан Республикасы Әділет министрі Берік Имашев пен Грузияның «Сакпатенти» зияткерлік меншік ұлттық орталығының төрағасы И.Гваладзенің «1997 жылдың 11 қарашасындағы өнеркәсіп меншігін қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Келісімге өзгерістер енгізу туралы» Хаттама жобасына қол қою рәсімі өтті.
21.05.2014
ЖҚЖК-2020 аясында 260 мыңға жуық адам қолдауға ие болды – Т. Дүйсенова (ФОТО)
Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» бағдарламасы аясында 2011 жылдан бастап 260 мыңға жуық адам қолдауға ие болды. Бұл туралы VI Астана экономикалық форумы аясында өтіп жатқан әлеуметтік серіктестік мәселелеріне арналған панельдiк сессия барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
21.05.2014
Қазақстанның бастамаларына қолдау көрсетуге дайынбыз – Ю.Кайнхорст (ФОТО)
Қазақстан барлық дамушы елдер үшін қоршаған ортаны қорғау саласында бенчмарк орнатады. Бұл туралы бүгін АЭФ аясында өткізілген Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингінде Қоршаған орта, табиғи ресурстар мен ядролық қауіпсіздік федералды министрлігі департаментінің жетекшісі Юрген Кайнхорст мәлімдеді.