22.05.2014
Қазақстанда ана өлімі 3 есеге төмендеді- Г.Әбдіхалықова (ФОТО)
Бүгін VII АЭФ аясында өтіп жатқан «G-GLOBAL: жаңа экономикадағы әйелдің ролі» әйелдердің халықаралық форумында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова «Қазақстанда 2007 жылдан бастап ана өлімі 3 есе төмендеді», деп хабарлады.
22.05.2014
АЭФ шеңберінде өзгермелі климатқа ауыл шаруашылығын бейімдеу мәселелері талқыланды
Сессия жұмысына ресми тұлғалар, Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері, таяу және алыс шетелдерден ауыл шаруашылығы саласындағы ғалымдар мен мамандар қатысты.
22.05.2014
Қазақстанның ЖІӨ-дегі әйелдердің үлесі 40%-ға жуықтады – Р.Сәрсембаева
Бүгін Астана экономикалық форумындағы «G-GLOBAL: жаңа экономикадағы әйелдердің рөлі» халықаралық әйелдер форумында Қазақстанның іскер әйедер қауымдастығының президенті, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі мен отбасылық-демографиялық саясат ұлттық комиссиясының мүшесі Раушан Сәрсембаева Қазақстанның ЖІӨ-де әйелдердің үлесі 40%-ға жуықтағанын айтты.
22.05.2014
ЕҰУ-нің Инновациялық паркі мен Қызылорда облысы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қоймақ
Қызылорда облысының әкімдігі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетімен (Инновациялық парк) және француздық машинақұрылысы компаниясымен энергетикалық құралдарды және «Alstom» теміржол көлігін жасау бойынша стратегиялық ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қояды.
22.05.2014
КО-мен еркін сауда жүргізу режиміне қызығушылық танытушылар саны артуда – Катырин
Кедендік одақпен еркін сауда режиміне қосылуға қызығушылық танытып отырған елдердің саны артып келеді. Бұл туралы бүгін Ресейдің Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сергей Катырин ТМД елдерінің сауда-өнеркәсіп палаталары жетекшілерінің кеңесі отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА ақпарат агенттігі.