26.05.2014
Алматы облысында «Қазқұтқару-2014» жиын-семинары ашылды
Алматы облысында «Жартасты қала - Астана» ҚР ТЖМ оқу-жаттығу полигонында құтқару бөлімшелерінің «Қазқұтқару-2014» 19-халықаралық жиын-семинарының салтанатты ашылу рәсімі өтті.
26.05.2014
Шетелдік сарапшылар Стамбулдық іс-қимыл жоспары аясында Қазақстан заңнамасына мониторинг жүргізуде
Астанаға сапармен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Стамбулдық іс-қимыл жоспары шеңберінде 25-31 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының заңнамасы мониторингінің үшінші раундын өткізу үшін сарапшылар тобы келді.
26.05.2014
15:00-де Павлодар облысы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен ОКҚ брифингі өтеді
26 мамыр күні сағат 15:00-те Орталық коммуникациялар қызметінде Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Дүйсенбай Тұрғанов және Павлодар облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Николай Дычконың қатысуымен брифинг өтеді.Брифинг «Еуразиялық интеграция аясындағы өңіраралық өзара іс-қимыл мәселелері» деген тақырыпқа арналады.
26.05.2014
ЕАЭО келісім шарты халықаралық келісімдерді жүйелейді – Әділет министрлігі
ЕАЭО келісім шарты КО, ЕурАзЭҚ және БЭК мүше елдері қатысуымен қойылған 68 халықаралық шартты жүйелейді. Бұл туралы бүгiн ОКҚ брифингiнде ҚР Әдiлет министрiнiң орынбасары Эльвира Әзiмова мәлiмдедi.
26.05.2014
Қазғарыш төрағасы ILA Berlin AIR Show аясында бірқатар келіссөздер өткізді
ҚР Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Т.Мұсабаев Берлин қаласында (Германия) өткен «ILA - 2014» Халықаралық авиациялық-ғарыштық салонының жұмысына қатысты.