28.05.2014
Трансформациялау бағдарламасы 2014 жылдың қыркүйегіне дейін жасақталады - Ө.Шүкеев
Бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының тәуелсіз директорлары мен компаниялар тобының басшыларымен кездесу аясында Трансформациялау бағдарламасын 2014 жылдың қыркүйегіне дейін жасақтау жоспарлануда, деп «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев мәлім етті.
28.05.2014
ШҚО Ресей, Оңтүстік Корея мен Израильдің емханаларымен меморандумға отырды
Шығыс Қазақстан облысының медициналық мекемелері шетелдік емханалармен байланыс орнатып, олармен тәжірибе алмасуды, құрал-жабдықтарды сатып алуды ұйымдастыруды және қызмет көрсетудің сапасын жақсартуды жалғастыруда.
28.05.2014
2015 жылы Астанада NISPAcee конференциясы өтеді
Будапештте (Венгрия) 2015 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында Орта Азия мен Шығыс Еуропаның мемлекеттік басқару институттары мен мектептері қауымдастығының (NISPAcee) конференциясын өткізу мәселесі талқыланды.
28.05.2014
Астанада бейбітшілік және прогресс мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөнінде отырыс өтті
Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының бейбітшілік және прогресс мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
28.05.2014
Үш елдің кәсіпкерлері ЕАЭО аясындағы ынтымақтастықты талқылайды
Ертең интеграция аясында ШҚО-ның Өскемен, РФ Алтай өңірінің Барнауылы мен Беларусь Республикасының Могилев қалаларының қатысуымен «Еуразиялық экономикалық одақ: кәсіпкерліктер үшін болашағы мен пайдасы» тақырыбында телеөткел өтеді.