02.06.2014
Алматы қаласындағы қаржы орталығын дамыту Тұжырымдамасы 2014 жылдың соңында қабылданады
Бүгін Үкімет отырысында 2020 жылға дейінгі Алматы қаласының қаржы орталығын дамыту Тұжырымдамасын қайта қарау мен оны биылғы жылдың 1 желтоқсанына дейін қабылдау туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.
02.06.2014
ЕАЭО мемлекеттер арасындағы интеграцияны дамыта түседі – Е.Ыдырысов
ЕАЭО туралы Келісім мемлекеттер арасындағы интеграцияны дамыта түседі. Бұл туралы ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ЕАЭО туралы Келісімге қол қоюға байланысты ұйымдастырылған брифинг барысында мәлімдеді.
02.06.2014
Астанада мембағдарлама бойынша жас отбасылардан құжат қабылдау басталды
Бүгін, 2014 жылдың 2 маусымы Астанада жас отбасыларға арналған жалға беру баспанасына құжат қабылдау басталды. Бағдарламаға қатысуға ниеттілер 2014 жылдың 14 маусымына дейін құжат тапсыра алады, деп Құрылысжинақбанкінің ресми порталы хабарлады.
02.06.2014
Астанада 3500-ден астам оқушы ҰБТ тапсырады
Бүгін Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні. Астанада аталмыш тестілеуге 3500-ден астам оқушы қатыспақ. Бұл туралы Астанада ҰБТ өткізу барысына арналған баспасөз конференциясында қалалық білім беру басқармасының жетекшісі Эльмира Суханбердиева мәлімдеді.
02.06.2014
«Бөбек» қоры 7 мың жетім баланы оқытуға қаржы бөлді
7 мыңға жуық жетім балалар ЖОО-да немесе колледжде білім алу үшін қаражат жинауға мүмкіндік алады, деп білім және ғылым министрлігінде хабарлады.