02.06.2014
Д.Шәженова: Мемлекеттік қызметтер реестріне 647 атау енеді
Бүгінгі таңда мемлекеттік қызмет реестрінде 647 қызмет түрі бар, оның 417 ақылы болса, қалған 230 тегін көрсетіледі, деп ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты хатшысы Дина Шәженова мәлім етті.
02.06.2014
Табиғи монополия субъектілері 2015 жылы ұзақмерзімді тариф жұмыстарына өтеді – М.Оспанов
Табиғи монополиялардың барлық субъектісі 2015 жылдан бастап ұзақмерзімді тариф жұмыстарына өтеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов мәлімдеді.
02.06.2014
Астанада қосалқы репродуктивті технологиялар және ҚРТ бойынша конференция өтеді
2014 жылдың 3-4 маусымында Астана қаласында «Қосалқы репродуктивті технологиялар (ҚРТ) және адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ). ҚРТ өзекті мәселелері» атты VI Халықаралық ғылыми-тәжірибелік Конференция өтеді.
02.06.2014
ӨДМ жер заңнамасын жетілдіру шараларын дайындауда
ҚР Өңірлік даму министрлігі жер заңнамасын жетілдіру шараларын дайындауда, деп ОКҚ брифингінде өңірлік даму министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.
02.06.2014
«ЖҚЖК-2020» аясында 2014 жылы мың адам шағын несие алды
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» аясында 2014 жылы шамамен 1 мың адам шағын несие алды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының іске асырылу барысы туралы брифингінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.