02.06.2014
Қазақстан аусылдан азат ел атағын алуды жоспарлап отыр – АШМ
Алдағы уақытта Қазақстан халықаралық эпизоотикалық бюродан қорғалған аймақта вакцинациямен аусылдан азат ел атағын алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстанның ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.
02.06.2014
Монополистердің қызметін реттеуді жеңілдету қарастырылуда- ТМРА
Негізгі баптар бойынша шығындарды реттеу қарастырылған. Олар тариф құрылымының 80%-ға жуығын құрайды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте ҚР ТМРА төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.
02.06.2014
Ветеринар мамандығы «Болашақ» бағдарламасына енгізілді – Г.Исаева
Ветеринар мамандығы «Болашақ» бағдарламасына енгізілді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қазақстанның ауыл шаруашылығының вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.
02.06.2014
Қазақстанда санэпид жағдайды қадағалау тексерісін 3 есеге қысқарту ұсынылды – Б. Қуандықов
Қазақстанда тұтынушылар құқын қорғау бойынша санэпид қадағалау тексерісін 3 есеге қысқарту жоспарланған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігінің төрағасы Болатбек Қуандықов мәлім етті.
02.06.2014
«Агробизнес-2020» бағдарламасы ветеринарлық қауіпсіздікке 409 млрд теңге бөледі
Алдағы 7 жылда «Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында ветеринарлық қауіпсіздікке 409 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің «ҚР-да ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» тақырыбындағы брифинг барысында Қазақстанның ауыл шаруашылық вице-министрі Гүлмира Исаева мәлімдеді.