05.06.2014
ЕАЭО - тәуелсіздігіміздің тастай бекуінің кепілі - Ш. Орманова
Алып көршіміз Ресей мен Беларусь халықтарымен біздің мүддеміз бір, ұстанымымыз ортақ. Осы елдермен ортақ экономикалық одақ құру, оның шеңберін әрі қарай кеңейту тәуелсіздігімізді тастай бекітудің кепілдігі екеніне ешкім де бүгін күмәнданбайды.Бұл туралы Strategy2050.kz АА берген сұхбатында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті Шолпан Орманова мәлімдеді.
05.06.2014
Елбасы Түрікменстан Президентімен кездесті
Бүгін Түркияға жұмыс сапары аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түрікменстан Президенті Гурбаганұлы Бердімұхамедовпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
05.06.2014
Бундестаг депутаттары ЕАЭО құру туралы Шартты талқылады
Берлинде ҚР ГФР-дағы Елшісі Нұрлан Оңжановтың Бундестаг депутаттары – Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Парламенттік топтың мүшелерімен кездесуі өтті.
05.06.2014
2015 жылы бейбітшілік пен келісім жол картасы жұмыс пішінін өзгертеді
2015 жылдан бастап Қазақстанның бейбітшілік пен келісімінің жол картасы жұмыс пішінін өзгертетін болады. Яғни, Қазақстанның әрбір азаматымен жұмыс істейді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобының отырысында депутаттық топ мүшесі Зухра Саяпова мәлімдеді.
05.06.2014
Астанада ТМД елдерінің медициналық зертхана қызметінің форумы өтуде
Бүгін Астана қаласында «ТМД елдерінің зертхана қызметтерін үйлестіру, тәжірибе алмасу. Зертхана тестерінің фундаменталды негізі, инновациялық технологиялар, клиникалық маңыздылығы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық форум өз жұмысын бастады, деп АБҰҒО-да хабарлады.