12.06.2014
Қазақстандық және түрік метрологтары ынтымақтастық мәселелерді талқылады
ҚР ИЖТМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің, Қазақстан метрология институты «ҚазМетрИн» РМК, Қазақстан стандартизация және сертификаттау институты «ҚазИнСт» РМК, «Қазатомпром» АҚ, «Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ басшылары жұмыс сапарымен Түркияның Гебзе қаласындағы Түрік метрология институты «TÜBITAK UME» барып қайтты.
12.06.2014
БҚО мен Орынбор облысы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
11 маусымда «Қазақстан-Ресей. Өңірлердің шекаралық ынтымақтастығы» халықаралық форум-көрмесі аясында БҚО кәсіпкерлер палатасы мен Орынбор облыстық сауда-өнеркәсіп палатасы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.
12.06.2014
ЕҚДБ президенті Қызылорда облысына келді
Қызылордаға Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабарти келді. Сапар барысында құрметті мейман облыс әкімі Қ.Көшербаевпен кездесіп, банк қаржыландырған жобалардың жүзеге асырылуын талқылады.
12.06.2014
Парижде Халықаралық көрмелер бюросының жалауы Қазақстанға тапсырылды
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Францияға сапары барысында қазақстандық делегация Халықаралық көрмелер бюросы (ХКБ) Бас ассамблеясының 155-ші сессиясына қатысты. Сессия барысында ХКБ мүшелері «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін ресми түрде мойындап, Ұйым Президенті Фердинанд Наги мен Бас хатшы Висенте Лоссерталес ХКБ жалауын ҚР сыртқы саяси мекемесінің басшысына тапсырды, сыртқы істер министрлігінде хабарлады.
12.06.2014
Е. Ыдырысов француз компанияларын ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды
Францияға ресми жұмыс сапары барысында сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов француз компанияларын ЭКСПО-2017-ге қатысуға шақырды.