13.06.2014
Қазақстанды мекен еткен киік саны 37 пайызға артты – ҚОСРМ
Қазақстанды мекен еткен киік саны 37 пайызға артты. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаров мәлімдеді.
13.06.2014
Көктемде экологиялық шаралар аясында шамамен 700 мың түп ағаш отырғызылды
Экологиялық шаралар аясында көктемде елімізде шамамен 700 мың түп ағаш отырғызылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Н.Қаппаров мәлімдеді.
13.06.2014
ҚОСРМ 2020 жылға дейінгі орман шаруашылығы секторын дамытудың бағдарламасын әзірлеуде
ҚОСРМ 2020 жылға дейін орман шаруашылығы секторын дамытудың бағдарламасын әзірлеуде.Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ббаспасөз отырысында Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров мәлімдеді.
13.06.2014
12.00 – интеграциялық үрдістер тақырыбындағы брифингтің онлайн көрсетілімі
13-маусымда сағат 12:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде болатын брифингке қатысушылар: Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Анатолий Башмаков,ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу жөніндегі орталығының жетекшісі, Ассамблеяның Ғылыми-сараптамалық кеңесінің төрайымы Айгүл Садуақасова, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Этносаралық және діни толеранттық мәселелер жөніндегі ЮНЕСКО кафедрасының профессоры Әділ Ахметов. Тақырыбы: «Интеграциялық процестер».
13.06.2014
Елорданың жасыл белдеуіне балды өсімдігі отырғызылады
Астананың айналасындағы жасыл белдеудің жалпы ауданы 14 827 га құрайды. Қазіргі уақытта онда 9 миллионнан астам ағаш пен 2 миллионға жуық бұта өсуде.