17.06.2014
Астанада жұмыссыздар саны 1,5 есеге азайды
2014 жылдың басынан бері елордада тіркелген жұмыссыздар саны 1,5 есеге азайды, ал ағымдағы айда 2939 адамды құрады. Салыстырып көрейік, өткен жылдың сәйкес мерзімінде бұл көрсеткіш 4567 болған. Бұл туралы astana.kz сайты Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
17.06.2014
Астана арқылы ел жетістіктері көрініс табуда – М.Ысқақов
Астана елімізді әлем алдында қуатты ететін бірден бір құндылығымызға айналды, еліміздің жеткен жетістіктері Астанада көрініс табуда, деп мәлімдеді елордалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мейрам Ысқақов Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында.
17.06.2014
А. Дауылбаев АҚШ Президентінің арнайы көмекшісімен кездесті
Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың АҚШ Президентінің арнайы көмекшісі, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің Ресей мен Еуразия бойынша аға директоры Селеста Уолландермен кездесуі өтті.
17.06.2014
Қазақстан сенімді түрде алға дамуда
Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 50 елдің қатарына енуі біздің еліміздің дамуының жаңа деңгейге көтерілгенін көрсетеді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы» Жолдауында 2050 жылға дейін әлемнің алдыңғы қатарлы отыздығына ену тапсырмасы қойылған.
16.06.2014
Терминологиялық сөздік: Қазақтардың бірлігі
Strategy2050.kz ақпараттық агенттігі ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы: Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауындағы терминдер мен ұғымдарды жариялауды жалғастыруда.