19.06.2014
Римде «Қазақстан және көпполярлы әлемнің геосаясаты» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі Азия және Жерорта теңізі мәселелері жөніндегі (ISIAMED) итальяндық институтпен бірлесіп, Италия Парламентінің ғимаратында «Қазақстан және көпполярлы әлемнің геосаясаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Аталған іс-шараға Италияның саяси, сарапшылық, академиялық орта өкілдері қатысты.
19.06.2014
Астана Қазақстан экономикасын дамытуда жетекші орынға ие
Астана Қазақстан экономикасын дамытуда жетекші орынға ие. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айгүл Соловьева Strategy2050.kz агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.
19.06.2014
Астанада қала күніне орай Әуе жыландары фестивалі өтеді
Әуе жыландарының алғашқы фестивалі – Астананың 16 жылдығын мерекелеу күндері қала тұрғындарына тамаша тарту, шаралар бағдарламасын түрлендіретін ерекше оқиға болмақ.
19.06.2014
Алматы әкімі білім гранттарын табыстады
Алматыда жалпы орта білім беретін мектептерді бітірушілердің жыл сайынғы дәстүрлі «Жас түлек» фестивалінде Алматы әкімі Ахметжан Есімов 173 түлекке «Алтын белгі» төсбелгісін, 33 білім грантын жетімдерге және тұрмысы төмен отбасылар балаларына, мүгедектерге, сондай-ақ мәдениет пен спортта жоғары жетістіктерге жеткен 5 түлекке кәмелеттік атетестаттарды табыс етті.
19.06.2014
Президент Жарлығымен Қазақстанның мемлекеттік жоспарлау жүйесіне өзгерістер енді
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Жарлыққа қол қойылды.